ЕЛЕҢ ЕТКІЗГЕН ЖАҢАЛЫҚ

СОНЫМЕН СҮЙІНШІ,ХАЛАЙЫҚ! ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ҚҰТАРЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ.

Құтарыс ауылдық округіне қарасты Құтарыс ауылы мемлекеттік табиғи газ жүйесіне қосылды. Аталған маңызды шараға Сайрам ауданының әкімі М.Оразалиев, ауыл тұрғындары мен сала мамандары қатысты.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 58 шақырым газ құбыры тартылып, нәтижесінде 549 тұрғын үй табиғи газбен қамтылды. Бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Сонымен қатар, Құтарыс ауылдық округіне қарасты Ақарыс, Қызылжар және Оймауыт ауылдарында газдандыру құрылысы толық аяқталып, тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *