ТАМАША ЖЕТІСТІК

БОКСТАН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЧЕМПИОНАТЫНДА САЙРАМДЫҚ СПОРТШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

2025 жылдың 18–23 қыркүйек аралығында Түркістан облысы, Төлеби ауданында еңбек ардагері, ел ардақтысы Даулетбаев Амантай Дәулетбайұлын еске алуға арналған бокстан 2008–2009 жылы туған жастар арасында облыс чемпионаты өтті.
Аталмыш дүбірлі додада Сайрам ауданы «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» КММ-нің спортшылары жарқын жеңіске жетті. Ринг төрінде өздерінің қайсар мінезі мен жоғары дайындықтарын паш еткен жерлестеріміз қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, чемпион атанды:

Примбетов Алихан — 75 келі салмақ дәрежесінде облыс чемпионы атанды.

Талғат Абылай — 80 келі салмақта дәрежесінде облыс чемпионы атанды.

Бұл – жай ғана жеңіс емес. Бұл – маңдай тердің, темірдей тәртіптің, қажырлы жаттығулар мен қайтпас ерік-жігердің нақты жемісі!
Жас былғары қолғап шеберлерінің осындай биік нәтижеге жетуіне, әрине, тәжірибелі бапкерлердің қосқан үлесі зор. Чемпиондарды дайындаған жаттықтырушылары: Примбетов Қуат, Оразалиев Еркін.

Құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *