Халықаралық әйелдер күніне орай Сайрам ауданында мәні бөлек, мамұні ерек іс-шара өтті. Аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлының мұрындық болуымен ауданның тазалығы мен көркіне үлес қосып жүрген қыз-келіншектер мен қарапайым қызметте еңбек етіп жүрген арулар ардақталды. Яғни, «Көрікті Сайрам», «Сайрам тазалық», «Ақсу» мекемелері мен газ, жарық сындық салаларнда істейтін азаматшаларға арналып дастархан жайылды.

Аталған мереке Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келгендіктен ауызашар уақытында ұйымдастарылып, құран бағышталды.
Рухани кеш барысында аудан басшысы М.Оразалиев көпшілікте қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ауданның көркіне аянбай еңбек етіп жүрген ардақтыларға ыстық ықыласын жеткізді. Күн сайын таңмен таласа тұрып, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ететін нәзік жандылардың еңбегі – көп жағдайда көзге көріне бермейтін, алайда қоғам үшін аса маңызды. Одан бөлек, халықпен тығыз байланыс орнатып, коммуналдық салада қызмет етіп жүрген ару жандарға алғысын білдірді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында жиналған аруларға сыйлықтар мен гүл шоқтарын сыйлады. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көтеріңкі кқңіл күй сыйлады.