ҰЖЫМ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың құрметіне арналған кикбоксингтен «K-1. LOW-KIK. FULL-CONTACT және LIGHT CONTACT» бөлімдері бойынша кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирде Сайрам аудандық «Ақсу жекпе-жек спорт клубы»ның спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 3 қолаға қол жеткізді.
Атап айтқанда: Моминова Маржана(60 келі) І орын, Чучиладзе Земфира(60 келі) І орын, Исмайлова Виктория (52 келі) І орын, Исмайлова Жасмина(+60 келі) І орын алса,
Абдугапирова Фариза (57келі) ІІ орын, Низамедин Есдаулет (67келі) ІІ орын, ал
Низамедин Диас (60 келі) ІІІ орын, Магаров Рустам (75келі) ІІІ орын, Магаров Багир (81келі) ІІІ орынды иеленді.
Жаттықтырушылары: Азизов Шухрат, Рыжаметов Арсланбек.

* * *

Сондай-ақ, Түркістан облысы, Арыс қаласында өткен бокстан Қазақстан Республикасының Оңтүстік – Батыс аймақтық Чемпионатында Сайрам аудандық «Ақсу жекпе-жек спорт клубы»ның спортшысы Талғат Абылай (70 келі) І орынды иеленіп, Ел чемпионы атанды.
Жаттықтырушысы — Оразалиев Еркін.

Роза Эшмуратова. Сайрам аудандық «Ақсу жекпе-жек спорт клубы»ның әдіскері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *