ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Еңбек күні 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Бұл мереке әртүрлі кәсіптердің өкілдерін, әсіресе, қарапайым жұмысшылар мен ауыл шаруашылығы саласындағы еңбеккерлерді дәріптейді. Осылайша, елдің экономикалық дамуына, әлеуметтік әл-ауқатына өз үлесін қосып жүрген азаматтарды құрметтеу және еңбектің маңызын атап өту мақсатында бекітілген. Бұл күннің негізгі мақсаты – еңбектің құндылығын насихаттау, еңбек адамына деген құрметті арттыру және болашақ ұрпақты еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Мереке еңбеккерлердің қоғамдағы рөлін көтеруге, әртүрлі саладағы жетістіктерді көрсетуге және жастар арасында мамандықтарға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Еңбек күні аясында еліміздің көптеген өңірлерінде спорттық шаралар, жаппай жаттығулар, марафондар және басқа да жарыстар ұйымдастырылады. Спорт пен еңбекқорлықтың ортақ мәні – тәртіп пен табандылықтың арқасында жетістікке жету. Спорттық жарыстар еңбеккерлерді ынталандыруға, ұжымдық рухты арттыруға және салауатты өмір салтын дәріптеуге ықпал етеді.
Осынау атаулы күнге орай Сайрам ауданының тұрғындары да бұдан шет қалмады. «Менің жетісігім — менің нәтижем» ұранымен Енбек күніне арналған Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп , ауданымыздағы «Ақсу жекпе-жек» спорт клубы және № 1, №2, №3 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі спорт фестивалін өткізді. Еңбек пен спортты егіз дейтін болсақ, осы спорт фестивалі аясында мынадай іс-шаралар өтті:
— Ұжым қызметкерлері арасында эстафеталық ойындар;
— Гимнастикалық жаттығулар;
— Ұжым қызметкерлерінің дәрігерлік бақылаудан өтуі;
— Спортшылардың ата-аналарымен ашық есік күні;
— Еркін күрестен жасөспірімдер арасында спорт шебері, елеулі есім А. Шадиевті еске алуға арналған турнир.

Фестивальге келген көрерменнің қарасы көп болды. Өз кезегінде спортшылар да ынталылық танытып, спорттық шараларда белсенді болды. Айта кететіні сол, осы спорттық фестивалді өткізуде жерлестеріміз, Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының «Сайрам аудандық №2 Балалар мен хасөспірімдер спорт мектебінің» әдіскерлері Н. Естаева, О. Битанов, Д. Даугелдиев ерекше үлес қосты. «Мұндай спорт фестивалінің жастарға берер үлгі, өрнегі зор. Біз спортта өзара қарсылас болғанмен осынау даталы күндерге көңіл бөліп, бірлікпен өткізуге атсалысамыз» дейді жоғарыдағы спорт мектебі диреторының орынбасары Бахыт Ережепов. Расында спорт әрқашан ынтымақ пен бірлікке шақырып, адамдарды достыққа үндейді.
Нұртілек Нұрғисаұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *