21 мамыр — «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» орай, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі еліміздің мәдени — рухани дамуына қосқан үлесі мен іскерлік қабілеттерін жоғары бағалап, Сайрам аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Умида Артыкова мен Ақбұлақ ауыл кітапханасының кітапханашысы Жаннур Негметова «МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ» медалімен марапатталды. Марапатты Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәди Нұрлыбаев табыстап, құттықтады!!
Марапат құтты болсын!