Бүгін Сайрам ауданының орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы аясында аудандық ата-аналар форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты — отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру.
✨ Іс-шара аясында ата-аналарға арналған танымдық көрме ұйымдастырылып, психологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған материалдар ұсынылды. Көрмеде психологиялық жаттығулар, аффирмациялар, балалармен тиімді қарым-қатынас орнату тәсілдері мен практикалық құралдар таныстырылды.

Сонымен қатар, отбасы мен бала арасындағы қарым-қатынасқа арналған бейнероликтер көрсетіліп, эмоционалдық қолдау көрсету жолдары, сенімді байланыс орнатуға бағытталған жаттығулар мен күнделікті өмірде қолданылатын техникалар кеңінен насихатталды.
Форумды Сайрам ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қ.Мұсаева модератор ретінде жүргізіп, іс-шара бағдарламасымен таныстырды.
Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің отбасын қолдау орталығының консультациялар беру мен және кешенді сүйемелдеу бөлімшесінің меңгерушісі Ә.Ақмырза, білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер және ата-аналар қатысты.
️ Форум салтанатты ашылып, «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасы жайлы таныстырлып, спикерлер бала қауіпсіздігі мен құқықтарын сақтау бойынша спикерлер баяндама жасап, ұсыныстар мен кеңестер ата-аналарға ұсынылды.
♨️ Форум барысында бала қауіпсіздігі, құқықтық мәдениет, интернет қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, балалардың психологиялық және физикалық денсаулығы мәселелері кеңінен талқыланды.
Бағдарлама аясында аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ф.Оспанова «Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің бірлескен жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасап, баланың тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің маңызын атап өтті.
Сондай-ақ аудан прокурорының орынбасары М.Шотыков «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудағы ата-ананың жауапкершілігі» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, түнгі бақылау талаптары, буллинг пен интернет қауіпсіздігі, заң алдындағы ата-ана жауапкершілігі туралы сөз сөйледі.
Аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры А.Ахметов «Қауіпсіз қоғам — қауіпсіз бала» тақырыбында жол қауіпсіздігі, мектеп маңындағы қауіпсіздік, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы баяндады.
Сонымен қатар басқарманың отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты С.Маханбет отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және заң аясында қарастырылатын жауапкершіліктер туралы түсіндірді.
№50 Н.Тлендиев атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологі Ғ.Омаров баланың эмоционалдық қауіпсіздігі және ата-ананың қолдауы жайында ақпарат ұсынды.
№52 М.Өзтүрік атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологі Ж.Хыдырова «Бақытты отбасы — қауіпсіз балалық шақтың бастауы» тақырыбында тренинг өткізді.
«Балаларды ерте дамыту» орталығының медбикесі М.Ибрагимова «Балалардың денсаулығын сақтау және қауіпсіз орта қалыптастыру» тақырыбында ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жайлы, сонымен қатар зиянды әдеттердің алдын алу, дұрыс тамақтану, психикалық және физикалық денсаулық туралы мәліметімен бөлісті.
Аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы А.Тұрлыбеков үлгілі ата-аналар тәжірибе алаңы «Отбасындағы адалдық пен ұлттық құндылықтар – саналы ұрпақ негізі» тақырыбында отбасылық тәрбие тәжірибесі, ұлттық тәрбие құндылықтары, балаға рухани қолдау көрсету туралы ой-пікірімен бөлісті.
Форум соңында бала тәрбиесі мен қауіпсізідігін күшейту бағытындағы бірқатар бастамалар таныстырылды. Атап айтқанда, 18-29 мамыр аралығында ауданның Орталық саябағында «Қауіпсіз аула» акциясын өткізу, «Ата-ана бақылауы» бағдарламаларын орнату бойынша кеңес беру, қоғамдық орындарда «Жедел желі» форматындағы кездесулер ұйымдастыру және су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланғаны айтылды.
♻️ Аталған форум мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өскелең ұрпаққа қауіпсіз әрі тәрбиелі орта қалыптастыруға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.
М. ШОНТУКОВА.