Бүгін Сайрам ауданында Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік іс-шараға жиналған аудан тұрғындарын Сайрам ауданының әкімі Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Мереке барысында ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттайтын ұзату, беташар, тұсаукесер сынды тағылымды қойылымдар сахналанды.
Мерекеде ұлттық спорт пен ойын түрлері де кеңінен қамтылды. Атап айтқанда, қол күрес, қой көтеру, арқан тарту, садақ ату секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар өз бақтарын сынады.
Сондай-ақ, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, аудан оқушыларының өз қолдарымен жасаған робототехника туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Бұл — ұлттық мұра мен заманауи технологияның үндескен жарқын көрінісі болды.


Наурыз мерекесі – береке мен бірліктің, жаңару мен жасампаздықтың бастауы. Ауданымызда өткен тағылымы мол мерекелік іс-шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық рухты дәріптеген мазмұнды мерекеге айналды.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі