САЙРАМДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

САЙРАМДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІНЕ ОРАЙ КІШІ ФУТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

        Спорт – денсаулық кепілі. Сондықтан әлемде қаншама адам спортпен шұғылданып, бар ғұмырын соған арнайды. Әлемде ең көп тараған, ерекше ықыласқа ие спорт түрі – футбол екені анық. Ал, біз білмейтін спорт түрлері қаншама?! Адам баласының қиялы шексіз дегенді жиі айтамыз. Иә, расында да әр күн сайын таңданыс тудыратын жаңа нәрселерге куә болып жатамыз. Адамдар жаңалыққа, ерекше бірдеңе ойлап табуға құмар болып келеді. Бір-ақ мәрте берілетін өмірді қызықты етіп сүру үшін түрлі қадамдарға барады.

Сайрам ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Спорт – біздің сенімді серігіміз” атты жастар арасында кіші футболдан облыстық жарыс өтті.
Ойынның мақсаты: Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл жастарының достық қарым-қатынасын нығайту. Спорттық командалық ойындарға жастардың қызығушылығын арттыру.
Жалпы жарысқа облысымыздың аудан, қалаларынан 12 команда қатысты. Жарысқа қатысқан командалар 3 топқа бөлініп, жасыл алаңда өз шеберліктерін байқатты. Топтық кезеңде үздік нәтижеге қол жеткізген командалар турнирдің жартылай финал және финалдық кезеңдерінде өзара мықтыны анықтады.
Жастар арасында спорттың футбол түрінен өткізілген облыстық турнирдің қатысушыларына Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Ернар Бектаев сәттілік тілеп, алдағы уақытта өтетін спорттық шараларға да осылай белсенді қатысуға, әрдайым спортпен шұғылданып салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар, барша өңір жастарын 12 тамыз – Халықаралық жастар күні мерекесімен құттықтап, турнирге қатысқан және жеңімпаз атанған командаларды арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Турнир жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, кубок, медальдар табысталды.
Жарыстың қорытындысы бойынша І-орын Еңбекші командасына, ІІ-орын Түлкібас ауданының командасына бұйырды. Ал, ІІІ-орынды Жетісайлық команда місе тұтты.

Сонымен қатар, Төле би ауданы командасының ойыншысы Құланұлы Асылхан “Үздік қақпашы”, Келес ауданының ойыншысы Дантай Ерік “Үздік ойыншы” номинациясын иеленді.

Асқарбек Мамтов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған