Музыка әлемі, адамзат мәдениетінің байлығы, ішіндегі мұхиттай шексіз ғажайып дүниесі. Музыкада адамның асқақ асыл ойлары, арман мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы – қасіреті мен әртүрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз және музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата- бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізінен, шектен, қылдан т.б алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасаған.
Халқымыздың рухани құндылықтарын , халық жадында жүрген әндер мен күйлерді, ескі шығармаларды ұлттық аспаптардың үйлесімді үнімен, сырбаз сазымен ұштастырып орындау арқылы өшпес мұрамызды дәріптеп, келешекке аманаттап жеткізу — бүгінгінің еншісіндегі елеулі істердің бірі.
Рухани тәрбиенің негізі болған ұлттық фольклорымыздың тарихын тереңнен танып, замана көшінен қалдырмай, уақыт талаптарына сай жандандыруымыз, жаңғыртып жаңарта білуіміз қазақ мәдениетінің жарқын болашағына деген сенімімізді арттырары сөзсіз. Осы орайда, салыстырмалы түрде қарасақ осыдан 20 жыл бұрын ансамбль мүшелерінің сол кездегі материялдық, яғни, музыкалық аспаптардың, қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігіне қарамастан өнерді ақсатпауға, кемшін тұстарын өз құлшыныстарымен толықтыруға атсалысқандары өнерге деген адалдықтары. Өйткені ұлтты қалыптастыратын дүниелер оның тілі, діні мен ділі және мәдениеті мен өнері екені даусыз.
Осы орайда Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы ұлттық музыканы дәріптеп, насихаттап жүрген «Ақсу» қазақ ұлт аспаптар ансамблінің жұмыстары жөнінде мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.
Сайрам аудандық Қ. Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» аясында көпшілік көкейінде жүрген келелі істердің бірі «Ақсу» қазақ ұлт аспаптар ансамблі құрылды.
Көреген Дастан мен Ілес Марина Күмісбекқызының жетекшілігімен құрамы 9 адамнан тұратын ансамбль мәдениет үйінде алғашқы шығармашылық қадамын жасап, ұлттық өнеріміздің аудандағы іргетасын қалады.
2003 жылы Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне басшылыққа мәдениет майталманы, ҚР-ның мәдениет қайраткері Темірбаев Сейдуалы Өмірәліұлы келіп, «Ақсу» қазақ ұлт аспаптар ансамбліне жаңа серпін берді. 2004 жылы қосымша штат бөліп, «Ақсу» ұлт аспаптар кіші оркестінің құрылуына себепкер болды.
Қажырлы ізденіс пен еңбектің арқасында «Ақсу» қазақ ұлттық аспаптар оркестрі 2005 жылы Н. Тілендиевтің 80 жылдығына арналған «Аққу» атты облыстық байқауда жүлделі ІІ орынды иеленді. Облыс, аудан басшылырының арнайы Алғыс хаттарымен марапатталып, көрермен тарапынан да оң бағасын алып жүр.
2006 жылдан бастап оркестрге осы ұжымның белді домбырашысы Серікбаева Жанат Айтмұратқызы жетекшілік етіп келеді. Оркестрдың репертуарында 70 ке жуық ән-күй, шығармалар бар. Ауқымы кең мәдени іс-шараларда оркестрдің алар орны айрықша. Дей тұрғанмен мұндай үлкен іс-шара барысындағы талаптың да қатаң болары анық. Бұндай жағдайда оркестр мүшелері бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып кемшіліктерді болдырмауға ерекше көңіл бөледі.
«Ақсу» ұлт аспаптар оркестрі облыстық, аудандық іс-шараларда өз орнын таба білген белсенді ұжым.
2017 жылы ауданымызда өткен «Ғасырлар пернесі » атты облыстық семинар кеңесте «Ақсу» қазақ ұлт аспаптар ансамблі оркестрімен бірігіп кәсіби өнерін көрсетіп, көпшіліктің көзайымына айналды. 2018 жылы оркестрге қосымша музыкалық аспаптар (домбыралар, бас домбыра, баян, дауылпаз, қобыз, прима, асатаяқтар) алынып толықтырылды.
Бүгінгі таңда,бөлім басшысы Мәди Нұрлыбаевтың және аудандық мәдениет үйінің директоры Дәулет Алашбаевтың басқаруымен ансамбльдің қажетті құрал-жабдықтары, ұлттық киімдері тұрақты түрде жаңартылып тұрады. Жергілікті «Мәртөбе» газетінде 2021 жылдың 15 қаңтарындағы № 2 ( 6243) ансамбльдің жұмыстары мен жетістіктері туралы мақала жарияланды. Сонымен қатар жергілікті «Elnur tv» телеарнасында мерекелік концерттерін бүкіл облыс халқы көрді. 2021 жылғы 3 маусымда Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырған республикалық деңгейдегі көркемөнерпаздар ұжымдарына ХАЛЫҚТЫҚ атақ беру байқауына қатысып, кәсіби деңгейде өнер көрсеткен «Ақсу» фольклорлы Халықтық ансамблі атағына ие болды. 2021 жылдың қазан айында Тараз қаласында өткен республикалық «Көне Тараз күмбірі» фольклорлы ансамбльдерге арналған фестивальге қатысып, Тараз қаласы әкімінің арнайы жүлдесіне ие болды. 2021 жылы Түркістан облысы Сарыағаш ауданында өткен фольклорлы ансамбльдерге арнгалған облыстық байқауда жүлделі 3- орынға ие болды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыс көлемінде «Үздік ансамбль» номинациясын алды.
«Ақсу» фольклорлы ХАЛЫҚТЫҚ ансамблінің құрамы – 17 адам
- Жанат Серікбаева-көркемдік жетекші (добырашы)
- Жұмалы Кемелов-орындаушы (баян)
- Татьяна Тушева-орындаушы (флейта)
- Ләззат Смаилова-орындаушы (домбырашы)
- Гүлбану Жақсылықова-орындаушы (қобыз)
- Қажымұқан Қалдыбеков-орындаушы (саз сырнай)
- Көбей Ізтілеуов-орындаушы (бас домбыра)
- Жанәлі Кемелов-орындаушы (прима)
- Ақжұлдыз Қаратаева-орындаушы (қылқобыз)
- Тюлебаев Қанат — домбыра
- Досжан Дүйсебаев –орындаушы (баян)
- Серғали Мырзабаев-әнші
- Мейірхан Тұрсынбаев -әнші
- Әсима Тілектес –әнші
- Нұрлан Балтақожа – әнші
- Балжан Көпжанова – қылқобыз
- Нұртуған Қосаманов – Кахон , домбыра (8 аспапты игерген)
«Ақсу» фольклорлы ХАЛЫҚТЫҚ ансамблінің жетекшісі Серикбаева Жанат Айтмұратқызы — 1969 жылы ОҚО Бәйдібек ауданы Боралдай елді мекенінде туылған. Білімі жоғары. Отбасылы. Еңбек жолын 1986 жылы ОҚО Алғабас (қазіргі Бәйдібек ауданы Боралдай ауылындағы балалар саз мектебінде домбыра класына сабақ беруден бастаған. 2000 жылдан бастап Сайрам аудандық мәдениет үйінде қызмет атқаруда. Талантты өнерпаз. 2001 жылдан бері «Ақсу» ұлт. аспапты оркестрінің және «Домбыра үйірмесінің» жетекшісі болып келеді. Сонымен қатар, аудандық Қазақ халық театрында штаттық бірліктер жетіспеуіне байланысты, актрисалық қабілетімен танылып жүр. «Кемеловтар» отбасылық ансамблін құрып, оған өмірлік жолдасы Кемелов Жұмалы басшылық етіп келеді. Отбасындағы 4 ұл ата – аналарының өнер жолдарын жалғастыруда. 2003-2015 жылдар аралығында аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған. 2010,2013,2014, 2017 жылдары жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік мәдениет қызметкері» номинациясының иегері болды. Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған республикалық мәдени іс- шарада оркестрмен бірге өнер көрсеткен. 2005-2019 жылдар аралығында облыстық іс- шараларда оркестрдің үлкен құрамымен белсенді атсалысқан.
Жанат Серікбаева 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл» және 2018 жылы Сайрам ауданының 90 жылдығына орай, «Сайрам ауданына 90 жыл» медальдарымен марапатталған. Жанат Айтмұратқызының басшылығымен фольклорлы ансамбль көптеген облыстық, республикалық байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Сонымен қатар, ансамбльдің құрамын ұлғайтып, ұлттық көне аспаптарды қосуда. Атап айтқанда дауылпаз, жетіген, кахон, шаңғауыз секілді аспаптар. 2023 жылы ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды. Біз осындай жалынды талантпен мақтанамыз.
Н. САУЫРОВА, мәдениет қызметкері,
Тамаша
Иә