ЖАСМИНА —БАРШАМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

Жасмина Камилжанова – Назарбаев Университетінің медицина факультетінің грант иегері.

✴️Сайрам ауданында биылғы түлектер жоғары оқу орындарына түсіп, қуанышты жетістіктерге жетуде.
✴️Солардың бірі — Көлкент ауылдық округіндегі №26 М.Қашқари атындағы жалпы білім беретін мектептің 2024-2025 оқу жылының түлегі Камилжанова Жасмина Уткиржановна. Ол Назарбаев Университетінің медицина факультетіне мемлекеттік грант жеңіп алды.
✴️Ж.Камилжанова Ақсукент ауылында 2009 жылы 12 мамырда дүниеге келген. 5 жасында мектеп табалдырығын аттап, 2-сыныптан бастап ағылшын тіліне ерекше қызығушылық танытып, бұл тілді жетік меңгерген. Оның бала арманы – Америкаға бару, осы мақсат оған білімге деген құштарлық пен табандылықты дарытты.
✴️Әкесі – Абдазимов Уткиржан Камилжанович – дәрігер, анасы – Абуллаева Дилноза Сайдикаримовна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Жасмина – отбасының тұңғышы, сіңлісі де осы мектепте білім алуда.
✴️Жасмина – мектеп мақтанышы. Республикалық және халықаралық деңгейдегі білім сайыстарында үздік нәтиже көрсетіп келеді:
2022 жылы «Айқанат» республикалық олимпиадасының қатысушысы;
2023 жылы «Алтын түлек» олимпиадасының математика пәні бойынша республикалық кезеңінің жеңімпазы;
2024 жылы IELTS: 8.0 ұпай, SAT: 1440 ұпай, AP (математика): 4 ұпай;
Биыл ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырып, 1-кезеңнен 99, 2-кезеңнен 104 балл жинады.
«Алтын белгі» иегері атануға үміткер. ✴️Сонымен қатар, Түркия университеттеріне әңгімелесу кезеңіне шақырту алған.
✴️Бұл – табандылықтың, еңбектің және ұстаздар мен ата-ананың қолдауының, сондай-ақ дарынды жасты жетелеуде үлкен үлес қосқан мектеп ұжымының бірлескен еңбегінің жемісі.
✴️Дарынды түлекке жарқын болашақ, таңдаған жолында сәттілік тілейміз. Ел үмітін ақтайтын білімді де білікті маман болуына сенім артамыз!

Меруерт Шонтукова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *