«Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі» аудандық форумы өтті

2026 жылы 30 қаңтар күні Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылындағы «Қаусар бұлақ» жалпы білім беретін мектебінде «Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі» атты аудандық форум ұйымдастырылды.

Аталған форум «АДАЛ АЗАМАТ – БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы негізінде өткізіліп, оның басты мақсаты – ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудағы отбасының рөлін күшейту, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын кеңінен насихаттау болды.

Форум жұмысына Сайрам аудандық прокуратурасының прокуроры Әліайдарқызы Назерке, Сайрам аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Оспанова Фарида Алматқызы, Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің консультациялар беру және кешенді сүйемелдеу бөлімшесінің меңгерушісі Медеуов Ғалым Ділдәбекұлы, Түркістан облысы Дін істері басқармасының Сайрам ауданындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Уралбаев Айдос Ералыұлы, сондай-ақ «Қаусар-бұлақ» орта мектебінің Қамқоршылық кеңес төрағасы Сабденов Рүстем Саймасайұлы қатысты.


Іс-шара барысында оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәуекелді мінез-құлықтың алдын алу, ата-аналардың тәрбиедегі жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар мен тәрбие жөніндегі орынбасарлардың құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Баяндамашылар өз салалары бойынша маңызды ақпараттар ұсынып, тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.

Форум барысында қатысушылар белсенді пікір алмасып, осындай мазмұнды кездесулерді алдағы уақытта жүйелі түрде өткізу қажеттігін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, «Инновациялық технология мен жасанды интеллектіні бейінді оқытуда қолдану» тақырыбындағы мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары мен жетістіктері қойылған көрмені тамашалады.

Ә.Төлегенов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *