✨ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ХАКАТОНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА!
2026 жылдың 31 наурыз күні Қарағанды қаласында білім беру ұйымдарының басшылары арасында «Идея. Бірлік. Әрекет» тақырыбында республикалық педагогикалық хакатон өтті.
Аталған хакатон білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді шешудің инновациялық әрі тиімді жолдарын әзірлеу, басқарушылық әлеуетті біріктіру мақсатында ұйымдастырылды.
Түркістан облысынан қатысқан үздік үш команда да жоғары нәтиже көрсетіп, республикалық деңгейде топ жарды!
ІІІ орын иегері
➡️ Сайрам ауданы, «Idea Lab» тобы
Номинация иегерлері
➡️ Түлкібас ауданы, «TULKIBAS trust & drive» тобы
➡️ Түркістан қаласы, «Құлабыз» тобы
Бұл – Түркістан облысы педагогтері мен білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби деңгейінің, басқарушылық шеберлігінің және жаңашыл көзқарасының айқын дәлелі.
Облысымыздың абыройын асқақтатып, республикалық деңгейде үздік атанған командалар – баршамыз үшін үлкен мақтаныш!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!