КИІЗ ҮЙ ЖАБДЫҚТАРЫ

Аяқбау.
Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.

Бақан.
Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.

Арқан.
Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.

Басар.
Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.

Басқұр.
Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау.

Белбеу.
Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.

Белдеу.
Туырлықты айналдыра буатын арқан.

Дөдеге.
Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.

Жел арқан.
Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.

Жалбау.
Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау.

Құр.
Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.

Тегеріш.
Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.

Туырлық.
Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.

Түндік.
Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.

Уыққап.
Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз.

Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.

Отағасы міндетті түрде шаңырақты көтереді, отанасы мен абысын-ажындар, сіңілілер уықтарды қадайды, ал кішкентай балалар уықтың көзіне бау өткізеді. Әже-апалар мосы құрып, ошақ қойып, қазан асып, киіз үй жиһаздарын орналастырады. Киіз үй – отбасының берекесі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған