Сайлау учаскесіне ең алғашқылардың бірі болып дауыс беруге Құтарыс ауылдық округінің әжелер кеңесінің төрайымы, ардагер ұстаз Мырзатайқызы Үрзада апамыз №587 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.
«Ауылда атқарылатын жұмыс көп. Сайланатын әкім сайлауалды бағдарламаларында көрсеткен істерді жүзеге асырды деп ойлаймын. Туған жерімнің болашағы үшін дауыс беру — азаматтық парызым. Шәкірттерім де сайлау учаскесіне келеді деп сенемін» — деді талай жыл шәкірт тәрбиелеген ұстаз. Апамызға сайлау учаскесінің төрағасы кәдесый табыс етті.
Таңғы 07.00- де басталған дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
#ӘКІМСАЙЛАУЫСАЙРАМ2025
#САЙРАМСАЙЛАУ2025
#МенДауысБеремін
#Ауданүшінтаңдаужасадым
#Сайлауғабардым
МАҢЫЗДЫ САЙЛАУ
