ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

 

Сайрам ауданының 95 жылдығына орай Қарасу ауыл округі әкімдігінің және Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен, Қарасу ауылы «ШАҢЫРАҚ» салтанант сарайында ақсақалдар мен ересектер арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды.
«Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт нұсқаушылары Утегенов Мейржан, Жүрсінбеков Талғат, Ирисбаев Умурбек жарыстың өз деңгейінде өтуіне үлестерін қосты.
Жарысқа Сайрам ауданына қарасты елді мекендерден төрт адамнан тоғыз команда қатысып, жалпы отыз алты адам бақтарын сынады.
Әзимбеков Әбдумаулен ақсақал төрелік еткен шахмат жарысы өз деңгейінде өтті.

Нәтижесінде:

I орын – Арыс ауыл округінен келген команда

II орын – Жібек жолы ауыл округінен келген команда

lll орын – Манкент ауыл округінен келген команда

Құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған