ТӘЖІРБИЕ АЛМАСУ

 

Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қайрат Ерменбековтың ұйымдастыруымен, бокс бөлімінің 2009-2010 жылы туылған шәкірттеріміз Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен бокстан әлем чемпионатына арнайы барып тамашалады және жас шәкірттеріміз шаршы алаңда еліміздің намысын қорғап, жұдырықтасып жатқан спортшыларымыздың жеңісін көріп жігерленді.

2023 жылдың 09-18 Мамыр күндері аралығында, достық қарым-қатынасты нығайту, тәжірибе алмасу, боксшылардың спорттық шеберлігін шыңдау мақсатында «Ақсукент спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2009-2010 жылы туылған спортшылары, ТМД-ның Ташкент облыстық филиалы Өзбекстанның бокс федерациясымен бірлесіп, Шыршық қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Бірлескен оқу-жаттығу жиынынан кейін спортшыларымыз, 2023 жылдың 19 мамыры мен 24 мамыры аралығында Өзбекстан Республикасы Шыршық қаласында өткен спорт шебері Ш.Үсеновті еске алуға арналған турнирге қатысып, шаршы алаңда шеберлектерін шыңдап, жүлделі орындарға ие болды.

52 келі салмақ дәрежесінде Мамадияр Нурдаулет 1-ші орын, 58 келі салмақ дәрежесінде Ордабек Сержан және 33 келі салмақ дәрежесінде Бауыржан Аслан 2-ші орын иеленді.
Ал, 49 келі салмақта Асанбекулы Мейіржан, 35 келі салмақ дәрежесінде Қайп Хамза, 35 келі Алипбек Рауан, 37 келі салмақ дәрежесінде Абдукарим Бақдаулет 3-ші орынға тұрақтады.

Шәкірттеріміздің осындай дәрежеге жетуіне өз үлестерін қосқан «Ақсукент спорт клубы» КММ-нің директоры Қайрат Ерменбековты, бокс бөлімінің жатықтырушылары Абдуллаев Данияр Намазбайұлын және Сансызбаев Нурсултанды, Жусипов Нурғазыны шәкірттерінің жетістіктерімен құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған