Футбол —көпшілік қызыға тамашалайтын спорт түрі. Оған жанкүйерлік ету —одан да қызық. Сол үшін оны батыста «милиондар ойыны» деп атайды. Қазір бұған жасөспірімдер де қатты қызығады. Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, Сталинград шайқасының батыры Әбдібай Құрмантаевті еске алуға арналған аудандық мектеп оқушылары арасында футболдан турнир өтті.
Құрмантаевтар әулетінің ұйымдастыуымен өткен додалы жарысқа ауданымыздың мектептерінен келген 9 команда қатысып, бақтарын сынады.
Жарыстың ашылу салтанатына Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі М.Оразбаев, «Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі» Б.Асқаров, №18 Ә.Құрмантаев жалпы білім беретін мектебінің директоры Ғ. Құрмантай «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спорт нұсқаушысы Т.Жүрсінбеков, ауыл ақсақалдары және зиялы қауым өкілдері қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қортындысы:
I орын — №18 Ә.Құрмантаев мектебінің оқушылары.
II орын — №20 С.Сейфуллин атындағы Мектеп-гимназиясының оқушылары.
III орын — №93 Абылай хан атындағы мектеп оқушылары.
Жарыс соңында жеңімпаз командарларға арнайы грамота, кубок, медальдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ақсақалдар ақ батасын берді.
Ә. Маратұлы.