ГАРВАРД СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАНҒА РИЗА

Бір топ Гарвард студенттері ел тарихымен, мәдениетімен және қазіргі экономикасымен жақынырақ танысу үшін Қазақстанға келді. Олар белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей құрған компанияда болып, менеджменттегі қазақстандық трендтермен, даму стратегияларымен және бизнестегі инновациялық тәсілдерімен танысты.

Қонақтар ұжымның жоғары кәсібилігін, қарқынды өсуін және бірінші кезекте қазақстандық бизнес саласын дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

“TAS Group әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық және инновациялық қаржылық компанияға айналуды көздейді. Бұл кездесу соның алғышарты десек артық айтқандық емес.
Бұл сапар білім берудің әлемдік деңгейі қазақстандық бизнес-сектордың динамикасымен қалай тоғысып, екі тарапты да құнды тәжірибемен байыта түскенінің айғағы болды”, — дейді компания өкілі Данияр Молдахмет.
Шетелдік қонақтар қазақ қонақжайлығына бас иіп, өз елдерін де дәл осындай қошемет пен құрметке бөлеуге дайын екендіктерін, есіктерінің айқара ашық екенін айтып, жылы тарқасты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *