ЧЕМПИОН АТАНДЫ

 

28 мамыр — 6 маусым аралығында Алматы облысында 5-6 сынып оқушылары арасында баскетболдан Түркістан облысының намысын қорғаған Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Далабазар» жалпы орта мектебінің қыздар командасы жүлделі І орын иеленіп, Қазақстан Республикасының Чемпионы атанды.

Дүбірлі додаға 17 облыстан командалар қатысты. Жерлестеріміз финалдық кезеңде Қостанай облысының командасын 24 — 21 есебімен ұтып жеңіске жетті. Олар әдемі, шебер ойындарымен көпшіліктің көңілінен шықты.

Чемпиондарымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

Нұртілек Тұрдымұратұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *