ДҮБІРЛІ ДОДА

ТЕКТІДЕН ТЕКТІ ТУАДЫ.
ТЕКТІЛІК ТҰҚЫМ ҚУАДЫ.
ТЕГІ БЕКЗАТ АДАМДАР.
ӘРҚАШАН БИІК ТҰРАДЫ.

Семейден Алла деп Сайрамға қарай жолға шықтық. Сөздері семсерден өткір, көңілдері көлден кең, тектіліктің тамыры теңіздей тереңде жатқан, рухтары мықты, Құнанбайдың елінен, Абайдай дананың жерінен алған әсеріміз өте жоғары болды.
40 ~жылда шамамен 468-бомбаның жарылысы Семейліктерге орасан зардабын тигізіп, жерімен елін радияцамен уласада, атом сынақ бомбалары Семейліктердің сағын сындыра алмай, қазаққа тән қонақжайлылық санасын улай алмаған екен.
300~ ден аса жауынгер садақшыларды үш күн бойы күтіп алып шығарып салуда Семейліктер сыр білдірмеді.
Бірлік бар жерде тірлік болатынын Семей елінің жамағаты жақсы жағынан бәрімізге үлгі бола білді. Саусақ бірікпей ине ілікпейтінінің нағыз дәлелі осы.
Қазақ «қонаққа тамағыңды берме қабағыңды бер» деген.
Себебі қонақ қашанда үй егелерінің тамағына емес қас қабағына қарайды. Қариясына дейін вокзалдан күліп қарсы алған Құнанбай қажының елі, Абайдай даналығын дәлелдеді.
Еліміздің әр өңірінен келген мергендер күнге күймесін деп, жаңбыр тимесін деп бар жағдайларымызды тікесінен тік тұрып қызмет жасай алды.
Келген бірінші күнде әр өңірдің басшыларына арнайы дастархан әзірлеп, шайырлары шәй үстінде қазақтың қара домбырасымен ән күйдің әсеріне бөлеп, жыршылары термелетіп той беріп қандай елге келгенімізді көрсетті.
Ізетке найза бойламас деп әрқайсымыздың жүрегіміздің соғуы тек Жаратқанға, тыныстаған әр ауамыз үшін Аллаға құлшылық жасасын деп «ҚАЛЫП» деп аталатын кітап сыйлағаны көрегенділіктің белгісі.
Үш жүздің басын қосқан үш жүзден аса мергендер Абай елінде
*ҚАЗАҚСТАН КУБОГІН* осылай зор хошеметпен сарапқа салып бастады.
340 ~ мерген үш нысана бойынша бар жоғы 18~ медаль үшін барын салды.
Талай сынақтан сүрінбеген Семей, ауа райымен ақылдасқандай
үш күнде үш түрлі ауа райы нағыз мықтылар жеңсін дегендей мінез көрсетті.
Шын жүйрікке тұсау жоқ деген.
Жолы болып жеңгендердің жүзіне қуаныш ұялады.
Ал жеңілгендер жеңілісінен жүз себеп іздеуге кірісті. Басқа жарыстан өзгешілігі
бұл жарыста жамбыдан жеңіске жеткен мергенге Атыраулық Али мерген алдын ала уәдесі бойынша бір жиынтық оқтарды өз есебінен атаса, Атыраулық мерген Марат досым 100 Ақш долларын жеңімпаздың қуанышы деп қолына ұстатты. Кіші жүздерде кісілік емес кішілік болатынын, сараңдық емес жомарттығын көрсетті.
Ал ҚАЗАҚСТАН КУБОГІІНІҢ* жеңімпаздары медаль саны бойынша есептелініп бірінші орын Астана қаласы, екінші орын Қарағанды, ал үшінші орын Батыс Қазақстан облысына бұйырды. Күзде елімізде өтетін *КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНЫҢ* бас төрешісі болып сайланған
ұстазым, ұлттық спорт төрешісі Жұмағазы Мұхаметжанов бұл жарысты өзінің кәсібилігінің арқасында жоғары деңгейде алып шыға білді.
Шығыспен Батысты, Оңтүстікпен Солтүстіктің басын қосқан дәстүрлі, садақ спортымыздың күн сайын қарқынды дамуы қатты қуантады.
Салтын сақтай алмаған санасыз ~дәстүрін дәріптей алмаған дәрменсіз деген бабаларымыз. Салтпен дәстүрді сақтаған, дастарханында берекесі дарыған күншығыс елінің бірлігімен тірлігі, қызметімен ізеті көпке үлгі боларлықтай.
Түркістан облысынан төрт мерген, Шымкенттен 14- мерген болып, оңтүстіктен 18- мерген осы жарыста бақ сынап, бұйырған бір ғана медальды бұл жолы қанағат тұттық.
Дәл осы жарысқа *Шымкент садақ* федерациясының президентті Серік Сахан бауырымыз өз командасына өз қаржысына киім тіктіріп, Шымкент садақпен, Сайрам садақ ату федерациясының бірлігінің бекем екенін көрсетті.
Ұлттық спортымызды ұмытпай, қазақи қасиетіміздің қаймағы бұзылмастан, қашанда жарыстарда жақсылықпен жүздесе берейік.
Жеңісті күндерде жолыққанша.

Махамбет САТБАЕВ.
Сайрам садақ ату федерациясының президентті.
Қазақстан патриоты медалының иегері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *