
« … Халқымыз «Тәрбие тал бесіктен басталады» деп бекер айтпаған. Ұрпақ тәрбиесінде ата-ана, мұғалім және мемлекеттік органдар бірге жұмыс істеуге тиіс. Себебі, жауапкершілік бәріне ортақ. Хакім Абай да «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп айтқан. Бірақ өзгерістерді жасау – бір бөлек болса, оны біржола орнықтыру – бір басқа мәселе. Ол үшін, ең алдымен, қоғам санасы түбегейлі жаңғыруы қажет. Осы ретте сіздерге, яғни, ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады.» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы тамыз конференциясында осылай деген еді. Біз де осынау бағытты негізге алып, тұнығы тереңде жатқан мектебіміздің бір ғасырға жуық тарихын зерделедік.

Ауылымызда 1930 жылы негізі қаланған білім ордасының бүгінге дейінгі тарихында талай-талай өзгерістер мен жаңашылдықтар, жетістіктер мен шығармашылық жұмыстар атқарылған. Бұл жұмыстар, әрине, мектепті басқарған тұлғалар мен білім, тәрбие берген ұстаздардың ерен еңбегі мен адалдық қағидатын ұстанған педагогикалық жолдың жемісі деп білемін. «Мектеп тарихы» тақтасын орнатудағы мақсатымыз, білім ордасында осы уақытқа дейін ағартушылық педагогикалық қызмет атқарған ұстаздық еткен, мектепті басқарған тұлғалардың есімдері өшпесін, адал еңбектері ұмытылмасын, оларға құрметіміз болсын деген азаматтық парызды өтеуден туған рухани идея болатын. Осы идеямыз, биылғы оқу жылының аяқталуына арналған мектеп бітірушілердің «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны мен «Мектеп тарихы» тақтасының ашылу сәтімен сабақтасып, тарих беттерінде маңызды әрі атаулы күн ретінде есте қалды. «Мектеп тарихы» тақтасында 1930 жылдан бері басқарған педагог басшылардың және ұлағатты ұстаздардың есімдері жазылып, суреттері ілінді. Бұл тақтаның ашылуына ардагер зейнеткер ұстаз, білікті басшы Г.Сағымбекованың құрастырған «Үздік мектеп» брошюралық жинағының зор пайдасы тиді.
Сонымен 1930 жылы Ленгер ауданы 16-шы ауылда (қазіргі Сайрам ауданы, Әсіларық ауылы) бастауыш сыныпқа арналған 2 бөлмелі мектеп үйі салынып, 1-ші сыныпқа 25 оқушы қабылданды. Мектеп меңгерушісі болып Ғұлан Ерназаров тағайындалды. Ол ауыл балаларының білімі мен тәрбиесі үшін аянбай еңбек етті. (Ғ.Ерназаров туралы қосымша деректер іздестірілуде)1932 жылы мектеп меңгерушісі Әсілбек Тұңғышбаев болды. Бұл кезде 3 сыныпта, 75 оқушы болған.1934 жылы ол кісі Шымкент қалалық оқу бөлімінің бастығы болып ауысып, екі-үш жыл ішінде мектепке көп жәрдем берді. Әсіресе физика және химия пәні үшін көптеген қажетті көрнекі құралдарды жеткізіп, сонымен қатар стол, парта, тақта, шкаф, диван, орындық сияқты заттармен қамтамасыз етті. (Ә.Тұңғышбаев туралы қосымша деректер іздестірілуде)1936 жылы мектеп меңгерушісі Көкенов Дәрібай болып тағайындалды. Көкенов Дәрібай іргетасы қаланған мектепті дамытуға көп үлес қосты. Ауыл балаларына ұстаздық мейірімін төгіп, адалдыққа үйреткен әрі ұстаз, әрі басшы болды.1937 жылы мектеп 7 жылдық мектеп болып құрылып, мектеп директорлығына Қожахметов Құрал тағайындалды. Бұл кезде мектепте 140 оқушы болып, 14 мұғалім жұмыс істеген. Құрал Қожахметов мұғалімдердің біліктілік сапасына аса мән беріп, оқушыларға терең білім мен өнегелі тәрбиені сіңіруді мақсат етті. Аз уақыт ішінде көптеген жаңалықтың жаршысы бола білді. Ұжымның бірлігі мен ынтымағын айрықша қалыптастырды. (Қ.Қожахметов туралы қосымша деректер іздестірілуде) 1938 жылы мектеп басшылығы қызметін Сұлтан Байысбаев атқарды. Ол басшылық қызметтің жауапкершілігі мен қасиетін жан-жақты көрсете білді. Ауыл мектебі мен қала мектебінің айырмашылығын болдырмауға тырысты. Бала жүрегіне жол табатын ұстаздар қатарын көбейтті. Материалдық-техникалық базаны нығайтты.(С.Байысбаев туралы қосымша деректер іздестірілуде). 1939 жылы мектеп басшылығы қызметін Танабаев Әбдікәрім атқарды. Мектептегі бастауыш білім сатысында 3 мұғалім, жоғары сынып сатысында 9 мұғалім жұмыс істеді.1941 жылы ер мұғалімдердің біразы соғысқа аттанды. Оқушылар оқудан қол үзе бастады.Тылдағы қызу еңбек майданы басталды. Әбдікәрім Танабаев балалардың амандығы мен денсаулығына аса назар аударды.( Ә.Танабаев туралы қосымша деректер іздестірілуде). 1946 жылы мектеп басшысы Жігітбеков Анарбек болып, басшылықта 4 жыл қызмет атқарады. Соғыстың зардабын тартқан халықтың жай -күйіне психологиялық көмек беріп, әлеуметтік жағдайға, білім мен тәрбиеге көңіл бөлді. Әр басшының өзіндік қыр- сыры қасиеті барын сезінді. Ауыл мектебіне ерекше қамқорлық танытты. (А.Жігітбеков туралы қосымша деректер іздестірілуде).1950 жылы Маханбетов Құлман директор болды. Бұл кезде 3 бастауыш сынып мұғалімі және жеті, сегіз жоғары сынып мұғалімдері жұмыс істеген. Қазақ тілінен Жігітбеков Анарбек, математикадан Айтуаров Айтқұл, тарих, географиядан Бүрлібаев Құрасбек, орыс тілінен Беймішова Күлпан сабақ берген. Білімді де іскер басшы өз уақытын аямай мектеп жұмысына арнады. Қатал тәртіп пен тәрбиені бала бойына сіңірді.Ауыл мектебінің мәртебесін арттырды. 1953 жылы мектеп директоры Өтебай Қалыбаев болады. Осы тұста оқушылар саны да бірте-бірте арта берді.Идеяға толы басшы оқушылардың жан-жақты дарынын ашуда көп еңбек сіңірді. Ұжымның бірегей мақсатын айқындады. Алғыр оқушыларды дайындаған мұғалімдерді қолдады. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтты.(Ө.Қалыбаев туралы қосымша деректер іздестірілуде) 1956 жылы облыстық білім басқармасының арнайы жолдамасымен жоғары білімді азамат Бекаманов Ізтілеу мектепке басшы қызметіне келеді. Ол Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтын бітірген жоғары білімді алғашқы директор болатын. Әр сабақты қоғаммен байланыстыра өтуге аса мән беруді талап етті. Басқарудың жаңа қырынан танылды.Ол мықты басшы болды. Қоғам ғылым мен білімге көңіл бөлген, ел балалары мектепке қызыққан заманда өте белсенді басшы болды.Алғашқы түлектері техникалық мамандықтарға бейім білім мен тәрбие алды. Әр оқушының функционалдық білім алуына көп үлес қосты.1958 жылы Төлепбеков Нышанбек директор болады, әр сыныпта 20-25 оқушы, барлығы 7 сынып болған. Нағыз педагогтік қасиеті басым басшы әр оқушыға жеке көңіл бөлді. Мұғалімдерге талапты дұрыс қоя білді. Білім мен тәрбиені еңбекқорлықпен ұштастырды.1960 жылы мектеп директоры болып Бекболатов Әміре тағайындалды. Осы жылы жеті жылдық мектеп сегіз жылдық болып қайта құрылды. Ағартушылық қызметте ең алдыңғы қатардағы директор болып танылды. Білімге құштар оқушыларды,талапшыл ұстазды тәрбиеледі. Әр сөздің қорғасындай салмағы барын түсіндіре білді. Парасатты маман өз биігінде ерекше жарық сәуле берді. Қызметіне адал уәдеге берік, жұмысқа талапшыл болды. Оқушылардың санасын ұстазды көргенде ізеті мен құрметін арттыратын дәрежеге жеткізді.Білімге қызығушы талабы таудай шәкірттер көбейді.1966 жылы мектеп директоры болып Бүрлібаев Құрасбек тағайындалды. Бұл кезде 4 жоғары білімді, 5 екі жылдық педагогикалық курсын бітірген,13 педучилище бітірген мамандар қызмет атқарған. Барлық мұғалімдер саны 22 еді. Қ.Бүрлібаев 1981 жылға дейін директор болып қызмет атқарды да, сол жылы құрметті демалысқа шықты. Осы жылы мектептегі оқушыларға сапалы білім бергені үшін «Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі» марапатына Бүрлібаев Құрасбек, Бекболатов Әміре, Серікбаев Ермек, Сәулешов Спабек сынды ұстаздар ие болды. Басқарудың бірегей жүйесін қалыптастыруда үлкен еңбек етті. Балалардың болашағына шамшырақ болуды мақсат етті.1981 жылы мектеп директоры болып Базарбаев Әсілбек тағайындалды. Басшылық қызметте тәжірибелі үрдіс көрсетті. Педагогиканың қыр сырын меңгерту арқылы білікті мұғалімдерді дайындады.Ұжымға темірдей тәртіп орнатты. Оқушылардың үкілеген үмітін ақтауды мақсат етті. Жаңашылдық пен еңбекқорлықты қолдайтын басшы әр балаға қамқор бола білді. Білімнің тереңіне түсіп, маңызын алуды, ғылымды игеруге бағыттай оқытуды ұсынды. Педагогикалық этикаға ерекше мән берді. Білімді мен еңбекқор адамға болашақтың жарқын болатынын ұғындырған басшы бола білді.1983 жылы Қабылбеков Сырлыбек мектептің басшылық қызметін атқарып, осы жылдардың балалардың білім саласын арттырғаны үшін және тәрбие жұмыстарына елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталады. Нағыз ұстаздың, нағыз басшының қасиетін танытты.Ұжымды бірлік пен ұйымшылдыққа баулыды. Патриоттық тәрбиені нығайтты. Балалардың шығармашылығына аса мән беріп отырды. Мейірімді жүзімен ата-аналардың да көңілінен шыға білді. 1990 жылы мектеп директоры Түймебаев Әбдіхалық болды.1995 жылы өз ісскерлігін дәлелдеп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқу ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Біздің алтын ұя 1999-2000 оқу жылында шағын кешенді негізгі мектеп орта мектеп мәртебесін алды. Сол кездегі аудан әкімі Қуаныш Айтахановтың қолдауымен мектеп жанына төрт сыныптық қосымша ғимарат салынды. Ағартушылық қызметтің нағыз азамат тәрбиелеудегі орнын көрсете білді. Мектеп жұмысын бірінші орынға қойған іскер басшы ұжымның жетістіктерін ерекше бағалап отырды.Ұлттық құндылықтарға толы іс-шаралардың ұйытқысы бола білді. Әрбір педагогтің әлеуметтік жағдайына ерекше мән берді. Зейнеткерлік жасқа абыроймен шығып, артында ұстаздық мол мұра қалдырды. Одан соң Сагимбекова Күлбибі 2004 жылдан бастап мектеп директоры қызметін атқарды. 2005 жылы «100 мектеп,100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасына құжат жинақтап, ескі мектеп ғимаратын жағдайы бойынша апатты мектеп санатына ендіруге атсалысты. 2008 жылы жаңа типті мектеп ғимараты салынып, 2009 жылы пайдалануға берілді. Ол кісі 2009 жылы аудандық, облыстық білім беру басқармасының ұсынысымен, ҚР Президентінің Жарлығымен «Астананың 10 жылдығы» және «Шапағат» медалімен марапатталды.Ұстаздарға даңғыл жол көрсетіп, мектеп ҰБТ көрсеткішінде аудандық деңгейде бірінші орынды иеленді. Білімді де білікті басшының республикалық конференцияларда басшылық мен басқару саласында жазылған баяндамалары жоғары бағаланды. Шадманов Жомарт 2009-2014 жылдары мектеп директоры қызметін атқарды. Ұстаздық қызмет пен басшылық лауазымда тәжірибесі мол басшы мектепті республика деңгейіне танытты. Білімді әрі іскерлік қабілеті арқылы ҰБТ және сырттай бақылауларда алдыңғы орынды иеленді. Мектепке жан- жақты қолдау білдіріп, әдістемелік көмегін ұсынған нағыз жанашыр басшы болды. Сосын Жұмабек Қатира 2014-2018 жылдары аралығында мектебімізде директорлық қызметін атқарған. Ұжымды талапшылдыққа баулып, өзіндік ұстаздық және басшылық қабілетін көрсетті. Білім мен тәрбиенің дұрыс қалыптасуына үлкен үлес қосты. ҰБТ дайындығына ерекше мән беріп, балалардың сапалы білім алуына көңіл бөлді. Басшылық қызметте жеткен жетістіктері үшін ҚР БҒМ мемлекеттік марапатын алды. Ал Көшекбай Мадина 2018- 2023 жылдары мектеп директоры қызметін атқарды.2019 жылы жалпы орта мектептер арасындағы «Табысты менеджер» байқауының облыстық кезеңіне қатысып, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Ол Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығының ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталған. Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сайрам ауданының мерекесіне орай ауданның дамуына қосқан үлесі үшін «Сайрам ауданына 90 жыл» төсбелгісімен марапатталған.
Ауыл мектебінің іргетасын қалаған басшылар мен ұстаздардың еңбектері білім мен тәрбиені ту еткен кейінгі ұрпақ жадынан сақталады. Сол күні «Мектеп тарихы» тақтасының ашылуына келген қонақтар Ә.Базарбаев және ұлы Ж.Базарбаев, Е.Кушекбаевтың ұлы Ергешов Рысбек, Қ.Маханбетовтің қызы Құлманова Камила, Н.Төленбековтің ұлы Төленбеков Әбдіманап, Ә.Бекболатовтың ұлы Бекболатов Серік, С.Қабылбековтің жұбайы Жумабаева З, қызы С.Қабылбекова, Е.Серікбаевтың ұлы М.Серікбаев, А.Ахметовтің ұлы Е.Ахметов, С.Саулешовтің ұлы Б.Саулешов, З.Алшаеваның немересі Ә.Исабекова, А.Бүрлібаеваның ұлы Б.Хасенов, Ж.Әлімқұлованың ұлы А.Аширкулов, ардагер ұстаздар Г.Сагимбекова, М.Саулешова, Т.Мусаева, Б.Аширкулова, А.Аширкулова, П.Сейдуллаева, П.Мырзатаева, Х.Қарабалаева, Р.Шонаева, З.Илеспаев және ауыл ақсақалдары Т.Айнабеков, М.Мыңбаев, білікті архитектор Б.Аширкулов, ел ағалары полиция полковнигі Н.Мусабаев, А.Алтаев, Е.Сатыбалдиев, Әкелер клубының төрағасы Ш.Илеспаев, «Әжелер клубы» төрайымы П.Утебекова, ата-аналар комитетінің төрайымы Д.Жамбаева және алтын ұя мектебіне келген 20 жылдық, 10 жылдық түлектер келіп, іс-шараның салтанатына куә болды. Көзі тірі мектеп басқарған тұлғалар мен ардагер ұстаздар кездесу барысында өздері еңбек еткен, қара шаңырақтың киесі мен қасиетін сезіну, қадірін түсіну, әріптестермен сағынып қауышудың қаншалықты құдіретті әрі қымбат екенін айтып, біраз сыр ақтарды.
Сондай-ақ, «Мектеп тарихы» тақтасында 1930 жылдан еңбек еткен ұлағатты ұстаздардың да есімдері жазылып, суреттері ілінді. Олар — артында мәңгі өшпес із қалдырған ардагер ұстаздар, атап айтқанда, Е. Кушекбаев, Р. Тілегенова, К.Абдрахманова, Е.Серікбаев, С.Саулешов, О. Бекмұратов, А. Ахметов, У. Нұрымұлы, Ж. Бексейтова, З. Альшаева, Ж. Базарбаева, Х.Тартуова, А.Бүрлібаева, Ж.Әлімқұлова, Н.Ештаев. Б.Түймебаева, Р. Сапарбаева, Н.Саханов, Ж. Әупешова, Ғ.Әлтаев, Қ.Бектемирова, Г. Мейірманова. Және осы мектепте қызмет атқарып, қазіргі таңда зейнеткерлік демалыстағы және басқа салаға ауысқан ұстаздар, атап айтқанда, Б.Базарбаева, М.Саулешова, Б.Дарибаев, Т.Мусаева, П.Сейдуллаева, А.Аширкулова, Б.Аширкулова, П.Мырзатаева, Н.Беркимбаева, Б.Сауирбаев, М.Серікбаев, Х.Қарабалаева, Ш.Илеспаева, Е.Ештаев, С.Мергенбаева, Р.Шонаева, Г,Шадманова, З.Илеспаев, Қ.Шадманованың есімдері бар. «Мектеп тарихы» тақтасына демеушілік жасаған 1963 жылғы туылған 1978 бітірушілеріне және 1988 жылғы туылған 2026 жылы бітіруші түлектеріне көп рахмет айтамыз.
Ақмөлдір Мыңбай.
№ 49 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры.