Жаңа жыл есік қағып тұр. Ендеше…
2023 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 450 теңгені құрайды. Осыған байланысты құжат жасау қызметінің де бағасы өзгереді.
Қаңтардан бастап құжаттарды алу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығының мөлшері
✅ Төлқұжат құны 8 АЕК – 27 600 теңге.
✅ Жеке куәлік құны 0,2 АЕК – 690 теңге.
✅ Жүргізуші куәлігі құны 1,25 АЕК – 4 312 теңге.
✅ Tуу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ актінің жазбасын өзгерту, толықтыру, түзету және қалпына келтіру шығыны 0,5 АЕК – 1 725 теңге
✅ Неке куәлігі 1 АЕК –3 450 теңге. Ал неке туралы куәлікті қайта беру – 0,5 АЕК немесе 1 725 теңге.
Ажырасуға өтініш берген кезде мемлекеттік баж салығы 2 АЕК – 6 900 теңге.