САЙРАМДА ДАУЫС БЕРУШІЛЕРГЕ ТЕГІН ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІ КӨРСЕТІЛУДЕ

Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылындағы референдум учаскелерінен шалғай орналасқан тұрғындарға демеушілер есебінен тегін тасымалдау қызметі көрсетіліп, дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасалуда.
Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауылында 2 референдум учаскесі бар. Учаскелер интернет, байланыс телефоны, бақылау камераларымен, қосымша электр көздерімен және арнайы басқа да құрал жабдықтармен толық қамтылған.
Айта кетейік, референдум учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Н. Нұрғисаұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *