САЙРАМДА РАДИО «СӨЙЛЕЙДІ»

Түркістан облысы, Сайрам ауданында жаңа бастама қолға алынды. Аудан әкімі Арман Сәбитовтің тапсырмасына сәйкес, «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» радиосының хабарлары ауданға қарасты ауылдарда күнделікті таратылуда.

Жаңадан іске қосылған аталмыш радиотолқын желілері тұрғындарға мемлекеттік тілде тәулік бойы елден айшықты ақпараттар таратады. Бұдан бөлек, тұрғындардың әсем әуен, рухты күймен сусындап, рухани тұрғыда қуаттануына үлесін қоспақ.

Осылайша, тұрғындар көп орналасқан қоғамдық орындар мен орталық көшелерде, мәдениет ошақтарында көпшілікке түрлі тақырыптардағы танымдық дүниелердi тыңдауға мүмкіндік туады. Осы арқылы өскелең ұрпақтың салиқалы тұлға ретінде қалыптастыру, қазақ тіліндегі құнды дүниелерді көпшіліктің санасына сіңіру көзделіп отыр.

infotn.kz-ақпарат.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *