САЙРАМДЫҚ СПОРТШЫ 1-ОРЫНДЫ ЕНШІЛЕДІ

Сонымен тағы бір сүйінші хабарды жергілікті спортқа қызығатын азаматтар жеткізді. Сайрам ауданындағы «Ақсу Жекпе-жек» спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шәкірті Қалдыбек Заңғар еркін күрестен өткен республикалық турнирдің чемпионы атанды.

2024 жылдың 02-04 қазан күндері аралығында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында еркін күрестен бапкер Мұрат Тотаев пен  бұрынғы КСРО-нің спорт шебері Сапархан Шайменовты еске алуға арналған 2008-2009 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Аталмыш турнир аясында Алматы,Шымкент, Қызылорда, Атырау, Павлодар, Қарағанды,Жетісу, Жамбыл және Түркістан облысының командаларынан келген 300-ге тарта спортшылар бақтарын сынады.  Бұдан бөлек, турнирге Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшылары да қатысып қайтты.

Жарыс нәтижесі бойынша:

I орын – республикалық турнирде 71 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан епшіл әрі қуатты спортшымыз Қалдыбек Заңғарға бұйырды.   Жас спортшымызды жарыс жолына дайындауда жаттықтырушысы Думан Бердалиевтің еңбегі ересен.

Жалпы, енді оқырманға түсінікті болуы үшін  еркін күрес түріне тоқталайық.Еркін күрес – бұл халықаралық деңгейде танылған және олимпиадалық бағдарламаға енген спорт түрі. Бұл күрес түрі спортшылардың аяқ-қолымен толық әрекет ете отырып, қарсыласын шалып, жатып, жеңуге тырысатын сайыс. Еркін күресте спортшыларға тек белден жоғары емес, бүкіл денеге әсер етуге рұқсат етіледі, бұл оны басқа күрес түрлерінен ерекшелендіреді.

Еркін күрестің негізгі ережелері: 1. Мақсат: Қарсыласты иығымен кілемге жатып, «таза жеңіске» жету немесе ұпай арқылы жеңу. 2. Уақыт: Әдетте, матч екі кезеңнен тұрады, әрқайсысы үш минуттан. 3. Ұпайлар: Спортшы әртүрлі техникаларды қолдану арқылы ұпай жинайды – қарсыласын кілемге жатқызу, лақтырып түсіру, аяқтан шалу және т.б. Ұпайлардың көптігі қарсыластың әрекетсіздігі немесе нашар қорғанысынан да берілуі мүмкін. 4. Категориялар: Еркін күресте салмақ категориялары бар, бұл әділ бәсекелестікті қамтамасыз етеді.

Еркін күрестің тарихы мыңдаған жылдарға кетеді. Бұл спорт түрі ежелгі дәуірден бері белгілі және әртүрлі халықтардың дәстүрлерінде өз көрінісін тапқан. Еркін күрестің қазіргі ережелері XIX ғасырдың соңында қалыптасты.Еркін күрес әлемнің әртүрлі елдерінде үлкен танымалдылыққа ие. Қазақстанда да еркін күрес спорт түрі ретінде кеңінен дамып, көптеген чемпиондар мен танымал спортшылар шыққан.

Айта кету керек, Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшылары биыл ерекше көрініп, біраз додаларда топ жарып келеді.

Нұртілек Тұрдымұратов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған