ҚАЗЫНАЛЫ КЕРУЕН —2024

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен «Фараб» кітапханасының ұйымдастырған «Қазыналы керуен – 2024» іс-шараның көшін Сайрам , Төлеби, Түлкібас аудандық кітапханалар жүйелері жалғады.
Аудандық кітапханашылар көрермен назарына «Әдеби композиция» Түркістан облысына қарасты ақын, жазушылардың өлеңдерінен әдеби композициялық көрініс көрсетті. Атап айтқанда, Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі сайрамдық танымал ақындар Тұрсынай Оразбаева, Тұрсынбек Тұрапбеков, Нұрғиса Төремұратовтардың қазақ тарихында үлкен орын алатын, маңызы зор, күллі түркі жұртының рухани астанасы – Түркістан, Шежірелі Сайрам, Сайрам өңіріне қарасты, ел тарихының аса құнды ескерткіші Ханқорған туралы туындылармен қатар әрбіріміз үшін аса қымбат, тәуелсіз, бейбіт, тарихы бай, ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан, өр рухты, болашақтан тек қана жарқын үміт күткен отанымыз туралы жыр жалғастырды. Екінші кезең «Ұлы дала тарихы» әр дәуірдің тұлғалары жайында «Сақ патшайымы – Томирис» тақырыбымен сахналық қойылым көрсетті. Қойылым 2021 жылы режиссер Ақан Сатаевтың түсірген тарихи драмалық «Томирис» көркем фильмінен алынды.
Іс-шараға қатысқан Түркістан қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі, ҰОС ардагерлерімен теңестірілген Мәрсәлі Кеңес, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Түркістан облыстық медиация кеңесінің төрағасы, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев, еңбек ардагері Пәйзіұлы Хамза, Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева, Әдістемелік-инновациялық қызмет бөлімінің меңгерушісі Дана Байдаулетова қорытынды сөз сөйлеп, акцияның оқырманға берері мен танымдық тұстары жайлы сөз сөйледі.
Айта кетейік, аталған акцияның басты мақсаты – аудандық әріптестік байланысты нығайта отырып, тарихты насихаттау болды.
Нұртілек Нұрғисаұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған