САЙРАМДЫҚТАР ӘРҚАШАН СПОРТПЕН БІРГЕ

«Спорт күніне» орай аудан орталығында Спартакиада ұйымдастырылды.
Иә, Ақсудағы «Қайрат» спорт кешеніндеі «Спорт күні» мерекесіне байланысты өткен спартакиада көпшілікке жақсы әсер сыйлады. Аталмыш іс-шараға ауданымыздағы 3 спорт мектебі мен 1 спорт клубы қатысты.
Бұл күні жұртшылық жоғары көңіл-күйде жүріп, өзара сұқбаттасып, дидарласқанына риза болды. Сайыс барысында 80-ге жуық қатысушы спорттың арқан тарту, үстел теннисі және волейбол түрлері бойынша бақтарын сынады.
Тартысты жарыс басталмас бұрын аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды.

Сондай-ақ, бұл сайыс бұқаралық спорт саласын дамытуға, спортшыларды ынталандырып және олардың жетістіктерін дәріптеуге септігін тигізетінін атап айтты.
Мұны біз Сайрам ауданындағы бұқаралық спорттык дамып келе жатқанының белгісіне баладық.
Бұқаралық спорт – дене белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған қозғалыс. Ол барлық жастағы адамдар үшін қолжетімді және спорттың әртүрлі түрлерін қамтиды, мысалы, жүгіру, футбол, жүзу, велоспорт, фитнес және т.б. Бұқаралық спорт денсаулықты жақсарту, қоғамды біріктіру және адамдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, бұл спорт түрлері әлеуметтік белсенділікті арттырып, қоғамдағы денсаулық мәселелерін шешуге ықпал етеді. Бұқаралық спорт көптеген елдерде мемлекеттік қолдауға ие және түрлі деңгейде дамып келеді.
Сайрамдағы сайыс соңы әдемі татулық, өзара сыйластықпен аяқталды.

Нұртілек Тұрдымұратов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған