СПОРТТЫҚ КЛУБТАР САЙЫСЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ, АУДАНДЫҚ СПОРТ КЛУБ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ.

2024 жылдың тамыз айының 06-07 күндері аралығында, Сайрам ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен облыстық спартакиада болып өтті.
Түркістан облысы спорт клуб мекемелерінің қызметкерлері арасында өткен додалы жарыс арқан тарту және дойбы спорттық ойындарымен ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру, спорттық клубтар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға 9 команда қатысып, бақтарын сынады.
Аталмыш іс-шараның ашылуына «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Рашид Лапаев және Түркістан облысының спорт клубының директорлары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, жарыс қорытындысын айтар болсақ:

Арқан тартудан:
І орын – Төле би спорт клубы.
ІІ орын – Жетісай спорт клубы.
III орын – Отырар спорт клубы.

Дойбыдан:
I орын – Жетісай спорт клубы.
II орын – Созақ спорт клубы.
lll орын – «Ақсу жекпе-жек» спорт клубы.

Жарыс жеңімпаздары кубок, медаль, дипломмен марапатталды.
Н. Нұрғисаұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған