Қарабұлақ ауылдық округіндегі № 557 референдум учаскесінде 18 жасқа толған сайлаушы алғаш рет дауыс берді.
— Бүгін ол дауыс беруші ретінде бірінші рет келіп тұрмын. Бұл референдум мемлекеттің дамуына, болашағына әсер етеді. Сондықтан алғаш рет дауыс беріп отырған әр азаматтың дауысы маңызды екенін түсінемін, — деді.
Сондай-ақ, ең жас алғашқы дауыс беруші ретінде оған арнайы сыйлық берілді.