БИЗНЕС БАСТАҒЫҢ КЕЛСЕ

Бизнес бастағысы келетін жастарға берілетін микрокредит ережесі бектілді

Оған сәйкес 21-35 жас аралығындағы азаматтар өз кәсібін бастау үшін 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 5 млн теңге ниесе ала алады. Қайтару мерзімі – 5 жыл.

Қалай беріледі?

Несие 5-7 жылға беріледі.
Ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге.
Жастарға арналған жаңа кредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Негізгі шарттары:
• микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін);
• микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
• сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
• микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт.
Несие алушыларға микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең беріледі.
Несие беру халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады. Несие алатын уақытта үміткерлердің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспаған болуы шарт.
Сондай-ақ, жобада микрокредит беру үшін үміткердің жасы құжаттарды тапсыру сәтінде ескерілетіні жазылған. Алайда, оның тәртібі айқындалмаған.
Бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы айына ең кемі бір рет өткізіледі.
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен микрокредит беру тетігін іске қосуды тапсырған болатын

One thought on “БИЗНЕС БАСТАҒЫҢ КЕЛСЕ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған