️ Ұлы Жеңістің 80 жылдығы Сайрам ауданында ерекше аталып өтті. Қарабұлақ ауылдық округінің тумасы, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, ел қорғаған ержүрек азамат – Анартаев Ахмаджан ақсақалды облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен аудан әкімі Арман Сәбитов арнайы құттықтап, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан марапаттады.
Майдангерге Мемлекет басшысының Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік төсбелгісі салтанатты түрде табысталып, ел үшін жасаған ерлігі мен еңбегі үшін құрмет көрсетті.
Ахмаджан ата биыл 99 жасқа толып отыр. Ардагер өмірінің әр сәті – елге, ұрпаққа үлгі боларлық тағылым. Кездесу барысында ардагер сөз сөйлеп, майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтіп, ерлікпен келген бүгінгі бейбіт күн үшін алғыс білдірді.
Бұл – ерлік пен тағзымның тоғысқан күні. Осындай ардагерлеріміз барда – тарихымыз да, Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ!
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
ЕРЛІК—ЕЛДІКТІҢ ДАСТАНЫ
