«АҚСУ ӘУЕНДЕРІН» ТЫҢДАҢЫЗ

 

2004 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде «Ақсу әуендері»  эстрадалық ансамблі құрылды.  Ансамбльдің жетекшісі болып осы ұжымда 8 жылдан бері қызмет етіп келген Сыдықов Қайрат Түймебекұлы тағайындалды.  Ансамбльдің құрамы 6 адамнан басталып, бүгінде 14 адамды құрайды. Жетекші Қайрат Сыдықов  – әнші, сазгер, осы мәдениет үйінде 1996 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бірнеше өнер байқауларының лауреаты  болған.  «Сайрам вальсі», «Түркістан», «Қазақстан – достықтың шаңырағы», «Сүймедім сені демеші», «Айтшы, жаным», «Мектеп вальсі», «Тәуелсіз елім», «Ай да бізге құмартады аспанда», «Ақсукент ажары», «Сен мені кінәлама», «Бұрымды қыз», «Боздақтар», «Ақарысым», «Тіл үйренейік» атты әндердің авторы.  «Сайрам таланттары – 2004» ІҮ халық өнер фестивалінің лауреаты, «Түлкібасым  -мерейім» байқауының дипломанты.  Аудандық мәдениет бөлімі басшыларының қолдауымен «Ақсу әуендері» эстрадалық ансамблі аудандық, облыстық байқаулардың Алғыс хат, Дипломдарымен марапатталған.  Атап айтар болсақ 2008 жылы «Уақыт және әуен» вокалды аспаты ансамблдердің облыстық байқауында – І орын, 2001 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Сырлы саздар» вокалды аспапты ансамбльдердің  облыстық байқауында ІІ орынды жеңіп алды. 2022 жылы Бәйдібек ауданында өткен вокалды аспапты ансамбльдердің облыстық байқауында жүлделі 2- орынға ие болды.  «Ақсу әуендері»  эстрадалық ансамблінде қазіргі таңда жастар тобы өнер көрсетіп, сахнаға шығып жүр.  Ансамбльдің репертуарында  иниструменталды шығармалар, акапелла екі, үш, төрт дауысты шығармалар бар.  Бүгінде ансамбль барлық қажетті  музыкалық аспаптар  және сахналық костюмдермен қамтамасыз етілген. Эстрадалық ансамбль үлкен мерекелік іс- шараларда «Ақсу»   ұлт аспапты ансамбльімен біріккен шығармалар ұсынады.  Одан бөлек топ мүшелері театрлық  қойылымдарға белсенді қатысып, өз өнерлерімен көпшілікке танылуда. Ансамльдің  атқарған жұмыстары бағаланып,  марапаттар топ жетекшісі Сыдықов Қайраттың атына жолданды. Атап айтқанда: 2012 жылы «Бейбітшілік әлемі» қазақ творчестволық бірлестігінің  Президенті, э.ғ.д. академик, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Нұрмановтың  «Құрмет грамотасы», «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми -әдістемелік патриоттық журналының бас редакторы М.Тасқалиевтің өнер мен  мәдениетті дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Өнерге қосқан үлесі үшін» медалімен  және облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Н.Әділхановтың Алғыс хатымен  марапатталған.

 

2017 жылы Оңтүстік Қазақстан  облыстық мәслихатының хатшысы Н.Балабиевтің  Грамотасымен, 2019 жылы Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеевтің  Грамотасымен марапатталған.   «Уақыт және әуен», «Сырлы саздар» атты эстрадалық ансамблдердің облыстық байқауларында Қайрат жетекшілік етіп жүрген «Ақсу әуендері» эстрадалық ансамблі  жүлделі орындарды жеңіп алып   жүрді. Ауданда өткен барлық іс- шараларға жаңадан ән дайындап, ұсынады. Аудан жастарының сахнада өнер көрсетулеріне атсалысып жүреді. Қайрекең 2016 жылы  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,  «Тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл» медалімен және  2018 жылы Сайрам ауданының 90 жылдығына орай, «Сайрам ауданына 90 жыл»  медальдарымен марапатталған. Жергілікті «Мәртөбе» газетінде 2021 жылдың  22 қаңтарындағы № 3 ( 6244)  ансамбльдің жұмыстары мен жетістіктері туралы мақала жарияланды. Сонымен қатар жергілікті «Elnur tv»  телеарнасында мерекелік концерттері эфирге шыққан. Ауданымыздың мақтан тұтар ансамбльі 2023 жылғы 19 мамырда Жамбыл облысы Меркі ауданында өткен  Меркі ауданының 95 жылдығы, ҚР халық әртісі А. Қоразбаевтың 75 жылдығы және «Меркі әуендері» ән – би ансамблінің құрылғанына 45 жыл толуына арналған  вокалды аспапты ансамбльдердің  республикалық байқауға қатысып,   2 -орынға ие болды.

 

«Ақсу әуендері» вокалды инструменталды ансамблінің құрамы – 14 адам.

  1. Қайрат Сыдықов – көркемдік жетекші (соло гитара)
  2. Қайрат Әмірбеков- орындаушы (бас гитара)
  3. Жанат Абанов-орындаушы (саксафон)
  4. Самат Жаңбыров-орындаушы (ұрмалы аспап)
  5. Шамиль Мифтахов – орындаушы (клавиш)
  6. Жазылбек Серікбаев-әнші
  7. Айжан Затыбек-әнші
  8. Бақытжан Махажанов-әнші
  9. Алан Қадыр – әнші
  10. Сәбден Байбөрі-әнші
  11. Жәнібек Жүсіпбеков-әнші
  12. Ақсауле Нұртаева – әнші
  13. Айкерім Байхожаева – әнші
  14. Жанар Жунусова – әнші

Өнерді осылай шын сүйіп, халықтың көңілінен шыққан «Ақсу әуендері» ХАЛЫҚТЫҚ вокалды инструменталды ансамблін әрқашан мақтан етеміз.

Г. ТУКЕНОВА, мәдениет қызметкері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған