КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕ —ЕЛ НАЗАРЫНДА

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ БОЙЫНША «МАНКЕНТ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Бүгін Ақсукент ауылында орналасқан «Манкент теміржол вокзалының» еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты мен тақырыбы – Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі және оның артықшылығы, пайдасы жайында болды. Онда қуат тапшылығының артуы және қазіргі энергетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында АЭС салудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.
Кездесуге келгендер елімізде АЭС-тің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сай құрылатынын және қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беруінің барлық мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.
Кездесуге экспорт ретінде шақырылған «Ядролық полигондың ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасы М.Ирисметов, атом электр станциясы энергия импортына тәуелділікті азайта отырып, елді тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ететін бірден-бір маңызды жоба екеніне тоқталды. Және бұл мәселені жастар жағы да қолдайтындығын жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар референдумға белсенді қатысуға толық дайын екендіктерін білдірді.
Елдос Ғабитов.
Сайрам ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *