-9.1 C
Almaty
Жұма, Наурыз 1, 2024

«ҚЫЗ ЖІБЕК» ФИЛЬМІ ТУРАЛЫ 10 ДЕРЕК

Уақыты:

  1. «Қыз Жібектің» фильмінің алғашқы нұсқасы «Аққу» деп аталған.
  2. Фильмді түсіру үшін қазіргі күні кездеспейтін 8-10 қанатты шаңқан ақ үйлер арнайы жасалды.
  3. Фильм суретшісі Гүлфайрус Ысмайлова бастаған таңдаулы шеберлер қыздардың камзолдары мен көйлектеріне, жүздеген, мыңдаған моншақтарды бір-бірлеп өз қолдарымен қадаған.
  4. Жібек рөліне 400-ге жуық үміткерден ұсыныс хат келіп түсті. Олардың ішінде 15 қыз ғана іріктеуден өтіп, тек Жібектің серіктері ретінде бекітілді.
  5. Режиссерлер Жібек рөліне лайықты қызды таппай, ұзақ ізейді. Сол кезде 10 сынып оқып жүрген Мерурет Өтекешованы режиссер Ғазел Мағауина көріп студияға өз ертіп әкелген.
  6. «Сырлыбайдың ауылы» деп аталатын обьектілерді түсіру кезінде «Қырық көш» үшін ауылдардан 60 түйе әкелінді.
  7. Іле жағасында «Сырлыбай ауылы» үшін 35 киіз үй тігілді.
  8. Бішкек қаласының хайуанаттар бағынан киноға түсіру үшін арнайы аққулар әкелінген.
  9. Көлемі 3600 метр фильм үшін 50 мың метр пленка пайдаланылды.
  10. «Қыз Жібек» 1972 жылы Бакуде Бүкілодақтық кинофестивальда көрсетіліп, фильм оң бағаға ие болды.

Latest stories

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз