12 C
Almaty
Жұма, Наурыз 29, 2024

10500 ЖӘДІГЕР

Уақыты:

Адамзат тарихының рухани серпілісмекені –  Анадолы өркениеттердің қайталанбас қазыналарына толы мекен ретінде ерекшеленеді. Тамыры терең тарихымен тамсандыратын бұл өлкеде 2022 жылы 713 археологиялық іс-шара жүргізіліп, шамамен 10 500 жәдігер табылған.

Жер бетіндегі ең көне қоныстардың мекені – Анадолы баға жетпес тарихи байлығымен назар аударады. Соңғы екі ғасырда Анадолыда адамзаттың мәдени мұрасын байыту мақсатында бірнеше археологиялық зерттеу жүргізілді. Жұмыс әьі жалғасып жатыр.
Мұражайлық қызметте көшбасшыға айналған Түркия археологиялық зерттеулерде де көп елге үлгі. 2022 жылы жалпы саны 713 археологиялық іс-шара жүзеге асырылды. Қазба, археологиялық барлау, геофизикалық георадар және тазарту жұмыстары сияқты әртүрлі іс-шараларда үздіктер қатарындағы Түркия – археологиялық зерттеулер тұрғысынан әлемдегі ең мықты мемлекеттердің бірі.

Түркия бойынша археологиялық зерттеулер

Түркияда 2022 жылғы зерттеулер шеңберінде барлығы 249 археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Оның ішінде 160 түрік ғылыми делегациясы, 32 шетелдік ғылыми делегация және 57 Музей директорлықтарының делегациясы еңбек етті. Сондай-ақ, Музей дирекцияларының басшылығымен 187 қазба, мемлекеттік инвестициялық аумақта 10 қазба және 89 бұрғылау қазбасы жүргізілді.
Түркия сонымен қатар кеме апаттары мен ежелгі дәуірден қалған өнер туындыларымен теңіз археологиясының жетекші елі саналады. Мысалы, былтыр 7 теңіз қазбасы және 3 зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Түркияда жыл бойы жүргізілген қазба жұмыстарымен қатар, жер бетіндегі зерттеулер, геофизикалық георадар және тазалау жұмыстарымен елдегі жалпы археологиялық іс-шаралар саны 713-ке жетті. Жіті зерттеулер нәтижесінде мұражайларға 10500-ге жуық тарихи жәдігер табылды.

Өткен жылы ең көп археологиялық зерттеулер (54 зерттеу) жүргізілген провинция – Эгей мен Жерорта теңізін байланыстыратын Мугла. Жүздеген көне қалалары мен қирандыларымен сегіз мың жылдық тарихы барын дәлелдеген Мугланы 41 археологиялық зерттеумен Эгей теңізінің інжу-маржаны Измир жалғастырды.

2022 жылғы археологиялық сахнаның маңызды оқиғалары

Ежелгі Лаодикея қаласының Батыс театрында жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Денизли шекарасында орналасқан Лаодикея біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Анадолы географиясының ең маңызды және әйгілі қалаларының бірі болды. Лаодикея ежелгі қаласының қалпына келтірілген Батыс театрында мәдени шаралар қайта жалғасты.

2023 жылға арналған дала жұмыстарын жоспарлау және бағалау жалғасуда, Түркияның тарихи байлығын болашақ ұрпаққа жеткізу үшін 2023 жылы шамамен 750 археологиялық жұмыс жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Түркия Мәдениет және туризм министрлігі, Памуккале университеті және Денизли қалалық муниципалитетінің ынтымақтастығымен Денизлиде 1979 жылдан бері үзіліссіз жыл сайын өткізілетін Халықаралық қазба, зерттеу және археология симпозиумы өтті. Шараға көптеген отандық және шетелдік ғалымдар мен студенттер қатысты.

Latest stories

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз