ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ жанындағы әскери кафедра студенттері Ұлттық ұланның 5574 әскери бөліміне арнайы келіп, «Ашық есік күні» аясында әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери кафедрада білім алып жатқан студенттерге әскери қызметтің қыр-сырын таныстыру, олардың Отан қорғауға деген патриоттық сезімін арттыру және әскери мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыру.

Қонақтарға әскери бөлімнің күнделікті қызметі, жеке құрамның жауынгерлік даярлығы мен әскери тәртібі туралы ақпарат берілді. Студенттер бөлімнің оқу-материалдық базасымен, әскери техникалар мен қару-жарақ үлгілерімен, әскери қызметшілердің тұрмысымен танысты.

Сонымен қатар студенттерге Ұлттық ұланның ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қоғамдық тәртіпті сақтаудағы және азаматтардың қауіпсіздігін қорғаудағы маңызды міндеттері түсіндірілді.

Ашық есік күні барысында жастар әскери қызметшілермен еркін пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Әскери қызметтің жауапкершілігі мен ерекшелігін өз көзімен көрген студенттер үшін бұл кездесу үлкен танымдық әрі тәрбиелік мәнге ие болды.

Мұндай іс-шаралар жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, әскери-патриоттық рухты, тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

5574 әскери бөліміндегі «Ашық есік күні» әскери кафедра студенттеріне әскери өмірді жақынырақ танып, болашақтағы кәсіби бағыттарын айқындауға мүмкіндік берген тағылымды кездесу болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *