ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Сайрам ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға бағытталған жұмыстар тұрақты бақылауда болады.

2026 жылғы 26 наурыз және 2 сәуір күндері Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырыстары өтті. Жиындар аудан әкімінің орынбасары С. Дүйсебаевтың төрағалығымен өтті.

Комиссия отырыстарында бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, білім беру мекемелерінде жасөспірімдердің психологиялық жай-күйін анықтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбиені күшейту, оқушылар арасында заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына профилактикалық жұмыстарды күшейту, білім беру ұйымдарында психологтардың рөлін арттыру, сондай-ақ, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.

Н.Тұрдымұратов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *