Сонымен АЭС салудың нақты үш себебі қандай?Қоғамда бұл талқыланып жатыр. Ендеше былай:
– Біріншіден, АЭС салудағы ең маңызды мәселе – еліміздің энергетикалық әлеуетін қамтамасыз ету. Осы сәттің өзінде мемлекетімізде электр қуатының тапшылығы сезілуде, ал электр энергиясына деген қажеттілік жылдан-жылға өспесе, кемімейді. Бүгінде қазақстандық станциялардың көбінде жабдықтар тозған, жартысының басым бөлігі 30 жылдан астам эксплуатацияда. Бұл фактор электр станцияларының апаттық көрсеткіштеріне және тұрақтылығына әсер етеді.
Мысалы, қазір еліміздің шекаралас мемлекеттердің энергия жеткізушілеріне тәуелділігі байқалып отыр, ал ол мемлекетіміздің энергетикалық қауіпсіздігіне теріс әсерінтигізбей қоймайды.
Екіншіден, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына 2060 жылға дейін қол жеткізу мақсатын қойып отыр. Өзіңіз білетіндей, АЭС парниктік газдарды бөлмейді. Осы көрсеткіш бойынша да атом энергетикасы жаңартылатын энергия көздерімен бәсекелес. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (UNECE) 2021 жылғы деректеріне сүйенсек, бүкіл өмірлік цикл бойынша парниктік газ қалдықтарының ең төмен көрсеткіштері – атом энергетикасында. Сондықтан, АЭСэнергетикамызды көміртексіз бағытқа көшудің негізі болып табылады. Ол жел немесе күн электр станциялары сияқты ауа-райына тәуелді емес және 100 пайыз қуатты тұрақты түрде өндіре алады.
Үшіншіден, уранның ішкі тұтынушысы пайда болады. Мысалы, Қазақстанның ураны тек экспортқа кетіп жатыр,ал еліміз жер шары бойынша уран өндіруден біріншіорында тұр. Еліміздің ураны дүниежүзілік нарықтыңшамамен 40 пайызын қамтамасыз етеді. Ал қазақстандық АЭС уран өнімін шығару жөніндегі өндірістік базаның әлеуетін ұтымды және кешенді пайдалануға алып келеді және атом-энергетика саласындағы қосымша құзыреттердіңпайда болуына ықпал етеді.
Е. Серікбаев. Сайрам ауданы.