СПОРТ – ДОСТЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Бүгін Қарасу ауылындағы «Рауан» спорт кешенінде ардагер спортшы, қазіргі таңда Қарасу ауылдық округі Қоғамдастық төрағасы Қуатбеков Бактыбек Садықұлының 60 жасқа толған мерей тойына арналған кіші футболдан турнир бастау алды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылып жатқан жарысқа 10-ға жуық команда жоғары дайындықпен келген. Тартысты ойын өрнегін көрсетіп жатқан командалар арасында бағы мен бағы қатар шапқан, тас-түйін дайын болып келген команданың топ жарары сөзсіз.
Турнир соңында жеңімпаздар мен қоса, барша қатысқан командаларға кубок, медаль және сыйлықтар таббыс етілетін болады. Одан бөлек, жеке көрсеткіштер бойынша керемет ойын көрсеткен азаматтар да елеусіз қалмайды.

P. S. Кіші футбол — бұл футболдың жеңілдетілген нұсқасы, ол жабық спорт залдарда немесе шағын алаңдарда өткізіледі. Бұл спорт түрінде алаңның мөлшері және ойыншылар саны классикалық футболдан аз. Әдетте әр командада бес ойыншыдан болады (бір қақпашы және төрт ойыншы). Ойын 20 минуттық екі таймнан тұрады, ал матч кезінде ойыншылар жиі ауыстырыла алады.

Кіші футбол жылдам темппен және техникаға көбірек мән берілетін спорт түрі. Бұл ойыншылардың ептілігін, пас беру дағдыларын және тактикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Әлем бойынша кіші футбол лигалары мен жарыстары танымалдыққа ие және оны әр түрлі жастағы және деңгейдегі ойыншылар ойнайды.
Нұртілек Тұрдымұратов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған