САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАР СПОРТЫ: ТАБЫСТАР МЕН ЖЕТІСТІКТЕР

2024 жылдың 9-13 қазан аралығында Түркістан облысының спорт алаңдарында өткен жарыстарда Сайрам ауданының жас спортшылары тамаша жетістіктерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды. Жас атлеттеріміздің таланты мен еңбегі нәтижесінде әртүрлі спорт түрлерінде, соның ішінде қол добы, футбол, волейбол, баскетбол, және шахмат сияқты жарыстарда айқын көрінді. Сайрам ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жарыстарда бірнеше медальдармен марапатталып, ауданымыздың абыройын арттырды. Спортшыларымыздың жетістіктері олардың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушыларының кәсіби дайындығының жемісі болып табылады. Жас спортшыларымыздың осы жетістіктері Сайрам ауданының спорттық әлеуетін көрсетіп, болашақтағы жеңістерге деген үмітті арттырады. Енді, аталған жетістіктер туралы тарқатып жазайық.

Қолдобы чемпионаты
Қазан айының 9-11 күндері аралығында Отырар ауданының Шәуілдір ауылында 2010 жылы туған және одан кіші жасөспірім ұлдар арасында Түркістан облысының қолдобы чемпионаты өтті. Сайрам ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы жарыста 3-орынға ие болды. Команда құрамында Батирбеков Мухаммадамин, Октамов Азизжан, Таирбеков Аброрбек, Батирбеков Абдуллах, Акрамов Асадбек, Абдусадиков Дилшод, Мирахметов Сирож, Таджикулов Бунёд, Джалалов Сардор, Бахиджанов Элбек, Гахманкулов Бекзат, Мавланкулов Мухаммад сынды жас спортшылар болды. Ал, команданы жаттықтырған Нарметов Сардор.

Футбол турнирі
10-13 қазан аралығында Сайрам ауданында 2008-2009 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында ашық футбол турнирі өтті. Бұл жарыста Сайрам ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы 1-орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңімпаз спортшылар: Юнусов Шахжохан, Кувашбеков Бекруз, Исламов Асадбек, Назимбеков Дилшод, Хайдаркулов Диербек, Абдикаримов Бахобиддин, Абдулхакимов Асадбек, Абдижаппаров Бекруз, Мадикаримов Асил, Задибеков Самад, Махмудов Динмухаммад, Милаков Илимдар, Ханхожаев Билол, Тордиматов Азадбек, Миршакиров Бабиржан, Шакарбеков Шахрлёр, Умаров Абдумалик, Алимкулов Диербек болса. Олардың жаттықтырушысы Атабаев Алишер.

Волейбол жарысы
12-13 қазан күндері Түркістан қаласында 2009-2011 жылы туған жасөспірім қыздар арасында «Auyl sport – 2024» волейбол жарысы өтті. Сайрам ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы бұл жарыста 3-орынды қанағат тұтты. Жүлдегер спортшылар: Рустамбекова Рабия, Илашбекова Артугай, Джавланова Гулзарина, Нишантаева Диляра, Сайджаббарова Зарина. Команданы жаттықтырған: Раметов Бахрамжан.

Баскетбол турнирі
12-13 қазан күндері Шымкент қаласындағы КХН спорт кешенінде 2011-2012 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында баскетболдан ашық біріншілік өтті. Мұнда Сайрам ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы 1-орынға ие болды. Жүлделі спортшылар: Камалжанов Азимжан, Абдималиков Худайберген, Камилжанов Диярбек, Хикматуллаев Асадуллох, Дусберган Мадияр, Варительников Максим, Наметов Нурсултан, Абдумаликов Бхруз, Исмаилов Ибрагим, Юлдашов Дамир, Умаров Рыза. Команданы жаттықтырған: Юлдашев Гуламжан, Османов Каримжан, Абдурасулов Гуломжан.

Шахмат турнирі
Сондай-ақ, 12-13 қазан күндері Түркістан қаласында өткен «Auyl sport – 2024» шахмат турнирінде 2010 жылы туылған Абдижамилов Самандар күміс жүлдеге ие болды. Ол Туленов Ерболдың шәкірті болып, оның жаттықтыруымен жеңіске жетті.

Баскетбол жарысы
12-13 қазан аралығында Түркістан қаласында 2009-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында өткен «Auyl sport – 2024» баскетбол жарысында Сайрам ауданының командасы 2-орын алды. Жүлдегерлер: Султанбеков Жасур, Мирзааманов Асил, Мавланбеков Билол, Анарханов Галибжан, Курвантайев Давлатяр, Шадибеков Элбек. Жаттықтырушылар: Юлдашев Гуломжан, Наримтаев Рустамжан, Абдурасулов Гуломжан.

Волейбол жарысы
Сайрам ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы 12-13 қазан күндері Түркістан қаласында өткен 2009-2010-2011 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасындағы волейбол жарысында 2-орынға ие болды. Жеңімпаздар: Абдигапаров Диёрбек, Рахманкулов Асрор. Жаттықтырушы: Юлдашев Гавхарбек.

Сайрам аудандық №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командалары мен жаттықтырушыларына жарыстарда көрсеткен жоғары нәтижелері үшін алғыс білдіріп, болашақта да жетістіктер тілейміз!

Н.Төремұратов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған