2026 жылғы 20 қарашада сағат 11:00-де Түркістан облысында «Қыс-2026» оқу-жаттығулары аясында халықты құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізіледі.
Тексеру барысында MassAlert жүйесі арқылы облыс тұрғындары мен қонақтарының ұялы телефондарына арнайы SMS-хабарламалар жолданады.
Аталған шара халықты төтенше жағдайлар кезінде жедел құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеруге және оның тиімділігін бағалауға бағытталған.
Осыған байланысты Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан сабыр сақтауды және алаңдамауды сұрайды. Келіп түскен хабарлама жоспарлы оқу-жаттығу аясында жіберілетінін ескертеміз.