ҚАНЖЫҒА МАЙЛАНДЫ

Түркістан облысындағы аудандық және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталықтары арасындағы кіші футболдан облыстық турнир өтті. Аталмыш жарысқа 10-нан астам команда қатысып, өзара бақ сынасты. Оладың қатарында жерлестеріміз, Сайрам аудандық «Халықты жұмыспен қамту» орталығының қызметкерлері де бар.

Жасыл алаңға шыққан жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті. Жерлестеріміз сайыс барысында  доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға  допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді. Команда капитандары өз ойыншыларын алға сүйреп, шыдамдылық пен төзімділікке баулып, ойын шиеленіскен уақытта жігерлендіре білді.
Нәтижесінде жерлестеріміз 2-орынды қажығаға байлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *