РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА


Ағымдағы жылдың 6 қазанында АЭС салу жөніндегі референдум өтеді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты. Мемлекет басшысының бұл бастамасы шын мәнінде Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор.
Осы орайда, бүгін “Сайрам тазалық” мекемесінде кездесу өтіп, онда референдумның өту мақсаты мен маңыздылығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге «Ауыл» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Жайлаубеков Есіркеп, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы орынбасары Алмас Бағдатұлы қатысып, ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, кездесу барысында энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы туралы сөз қозғалды.
Нұртілек Тұрдымұратов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған