ШӘКІРТТЕРІМІЗ ТОП ЖАРДЫ

2024 жылдың 25-29 қаңтар аралығында Мақтаарал ауданында грек-рим күресінен 2007-2009 жылдары туған жасөспірімдер және 2009-2011 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ өтті.
Байрақты бәсекеде Сайрам аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ең мықты деген жасөспірім палуандары бақ сынады.
Үлкен додада Бахтияр Юлдашевтың шәкірттері U-15 2009 жылғы 48 келі салмақта Ирисмат Равшанбеков, 2009 жылғы 85 келі салмақта Аманулло Мирабдуллаев алтын алқаларды иеленсе, 2010 жылғы 38 келі салмақта Абдуллох Равшанбеков, 2009 жылғы 41 келі салмақта Айбек Мирзадавлатов, 2009 жылғы 44 келі салмақта Сарвар Орынбаев, қола алқаларды алды.
Ал, Захиджан Юлдашевтың шәкірттері U-17 2008 жылғы 92 келі салмақта Фозил Абдукадиров күміс алқаны иеленіп, 2007 жылғы 60 келі салмақта Билол Ниязалиев, 2007 жылғы 65 келі салмақта Халид Тоишев, 2007 жылғы 65 келі салмақта Кабул Орынбаев, 2007 жылғы 71 келі салмақта Бегзод Тажикулов қола алқаларды алған.
Мектеп ұжымы жүлделі орындарға ие болған спортшылар мен жаттықтырушыларымызды жетістіктерімен құттықтады.

«Сайрам аудандық №1БЖСМ-ақпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған