ҰЛТТЫҚ КИНО ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ КӨРСЕТІЛІМІ

Бүгін ауданымызда арнайы кино көрсетілім жобасы бастау алды. Аудан басшысының тапсырмасымен бүгіннен бастап барлық ауылдардағы, елді мекендердегі мәдениет үйлері мен ауылдық клубтарда арнайы кино көрсетілім көрсету ұйымдастырылатын болмақ.
Алғаш аудан орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінен бастау алған іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, жиналғандарға іс-шараның маңыздылығын түсіндірді.
Мәні бөлек, мазмұны ерек бұл жоба аясында 15 шақты отандық кино іріктеліп алынған. Олардың негізгі бағыттары патриоттық тәрбиеге баулу, отансүйгіштікке үндеу болса, тарихи танымдық, қазақтың біртуар азаматтарының ұлағатты ғұмыры жайлы да кинолар бар.
Бүгінгі іс-шараға жастар жағы көптеп қатысты. Онда танымал режисер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты киносы көрсетілді.
Осы орайда, тағы бір айта кетерлік жайт, бұл жоба алдағы уақытта барлық мәдени ошақтарда жалғасын табатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған