МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚЫЗА ТҮСПЕК

Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен дербес бөлімдердің жылдық жоспарымен танысу, атқарылатын істерді пысықтау мақсатындағы қабылдау жалғасуда.
Бұл жолы аудан басшысы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен оған қарасты мекеме басшыларын қабылдады. Бөлім басшысы Мади Нұрлыбаев бөлімнің алдағы жоспары мен өзекті мәселелерге тоқталды.
Өз кезегінде аудан әкімі А.Сәбитов бөлімге бірқатар тапсырмалар беріп, бөлімнің жұмысын жандандыруды тапсырды.
– аудандағы барлық мәдениет үйлері мен клубтартарда мәдени, көпшілікке арналған іс-шараларды көбейту;
– Мәдениет саласындағы қызметкерлердің іс-шаралардағы киілетін киімдердің үлгісін жаңарту;
– аудандағы барлық кітапханалардың жұмысын күшейтіп, тұрақты оқырмандар санын арттыру;
– халық көп шоғырланатын орындарда (базарларда, ірі сауда орындарында, мешіттерде) кітапхана бұрыштарын ашу;
– ономастика саласы бойынша кәсіпкерлік нысандардағы, көрнекілік құралдарындағы жазуларға рейд ұйымдастырып, ретке келтіру;
– спорт саласы бойынша нәтижелерді көтеру, жаттықтырушылар мен спортшыларға жағдай жасау.
Осы және бөлімге қатысты өзге тапсырмаларды жүктеп, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған