САЙРАМДАҒЫ «АЛТЫН КҮЗ»

Бүгін ауданда Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде дәстүрлі «Алтын күз-2023» ауылшаруашылық еңбеккерлерінің мерекесі өтті. Аталған іс-шара Мәртөбе алаңындағы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесінен бастау алды. Онда әр ауылдық округтерден шаруалар мен дихандар, аталған салада жүрген кәсіп иелері жұртшылыққа өз өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ, асыл тұқымды төрт түлік өсірушілердің көрмесі де ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Арман Сәбитов ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында елеулі үлес қосқан сайрамдықтарды құттықтап, марапаттады. Атаулы мерекеге биыл аудан еңбеккерлері үлкен жетістіктермен жетіп отыр. Ауыл шаруашылығы саласында жыл басынан  бері 103,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, облыстағы өнім көлемінің 12,8%-ын құрап, бірінші орынды иеленді. Шаруалардың еңбекқорлығының арқасында өнім көлемі былтырғының 9 айымен салыстырғанда  8,1 млрд.теңгеге артқан. Биылғы ауыл шаруашылығы саласының  жетістіктеріне осы мерекеге қатысып отырған аудан еңбеккерлерінің үлесі зор. Олардың  көпжылдық тәжірибелері болашақ ұрпақты еңбекке баулудағы рөлі орасан. Мерекеде  ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласының дамуына елеулі үлес қосқан, сапалы өнім өндіру, өнім көлемі, қайта өңдеу, жобаны іске асыру жағынан жоғары көрсеткіштерге жеткен үздік ауылдық округтері, сондай-ақ озат атанған шаруалар, кәсіпкерлер, сала мамандары марапатқа ие болды. Ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы кез-келген жетістік бұл, шаруалардың, дихандардың адал әрі тынымсыз еңбегінің және мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасы.

Мерекелік  іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар ән-билерімен көпшілікті тәнті етті.

 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған