АҚСУКЕНТТЕ РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ЖАСӨПІРІМ ҰЛДАР АРАСЫНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Бүгін —елімізде жалпыхалықтық референдум өтуде. Осыған орай Сайрам ауданындағы бірнеше ауылдық округте тұрғындардың көңілін көтеріп, референдумды сәтті өткізу үшін спорттық шаралар өткізіліп, концерт қойылуда. Халықтың көңіл-күйі жақсы. Дауыс берушілер бұл саяси науқанның мәнісін біледі. Ел келешегіне қатысты референдум күні мұндай мәдени, спорттық іс-шара көпшілікке жақсы әсер етуде.
Осыған орай, Сайрам ауданы әкімдігінің бастамасымен және «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» КММ-нің ұйымдастырумен №539 дауыс беру учаскесінде «Республика күніне» орай және «Жастар есірткіге қарсы» атты ұранмен 2012-2016 жылдары туылған жасөспірім ұлдар арасында еркін күрестен аудандық жарыс өтті.
Аталған жарыста «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Рашид Лапаев және спорт нұсқаушысы Шынасилов Дулат қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнирде жақсы өнер көрсеткен жеңімпаздар мараппатталды. Аталған жарысты ауыл тұрғындары тамашалап, жалпы халықтық референдумда өз таңдауларын жасады. Ал спорттық жарыстар жиналғандардың бәріне тамаша көңіл-күй сыйлады.

Еске салайық. Еркін күрес — Олимпиадалық спорт түрі, ол қарсыласты жерге жығу және ұстап тұру әдістерін қолдану арқылы жеңіске жетуді көздейді. Бұл спортта спортшылар аяқтарын қолдана отырып, әртүрлі әдіс-тәсілдерді орындайды, ал күрестің өзі жылдамдықты, күшті және икемділікті талап етеді.
Жасөспірімдер үшін еркін күрестің пайдасы өте көп:

1. Физикалық даму: Еркін күрес бүкіл денеге күш түсіретін спорт түрі болғандықтан, жасөспірімдер күш-қуаттарын, бұлшық еттерін және төзімділіктерін дамыта алады. Жүйелі жаттығулар омыртқаны нығайтып, дұрыс дене қалпын сақтауға көмектеседі.

2. Тәртіп пен жауапкершілік: Күрес кезінде спортшылар жеке тәртіпті сақтауды, қарсыласқа құрмет көрсетуді және өз әрекеттері үшін жауапкершілік алуды үйренеді. Бұл дағдылар жасөспірімдердің жалпы өмірлік әдеттерін қалыптастырады.

3. Психологиялық тұрақтылық: Жас спортшылар еркін күресте шыдамдылық, батылдық және өз эмоцияларын басқаруды үйренеді. Жарыс кезінде кездесетін қысым жағдайлары олардың стресс жағдайында дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін жақсартады.

4. Өзін-өзі қорғау: Еркін күрестің техникалары жасөспірімдерге өзін-өзі қорғауды үйретеді. Олар қарсыласын дұрыс бақылап, қауіпсіздік тұрғысынан әрекет етуді меңгереді.

5. Командалық рух пен достық: Күрес командалық спорт болмаса да, жаттығулар кезінде спортшылар бірге жұмыс істеу, өзара қолдау көрсету және ынтымақтастық жасау дағдыларын дамытады.

Еркін күрес — жасөспірімдер үшін физикалық және моральдық тұрғыдан өте пайдалы спорт түрі. Ол баланың денсаулығы мен өмірлік құндылықтарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Аудан халқы бұған мән беруді ұмытпайды.
Ә. Маратұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған