АУДАН СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ МЫҚТЫЛЫҒЫ ВЕНГРИЯДА ДА БАЙҚАЛДЫ

Сайрам ауданының спортшылары – сонау кәрі құрлықтағы Венгрия мемлекеті, Будапешт қаласында кикбоксинг спорт түрінен өткен Әлем чемпионатында — 2 алтын, 2 қола алып келді. Олар : Каримов Музаффарбек Ойбекович пен Серікбаев Бақытжан Азаматұлы – қарсылас шақ келтірмей І орын алса, Ирискулов Абдуқадыр Атабекович пен Мадикаримов Олимжан Адильжанұлы ІІІ орынға ие болды. Аудан абыройын асырған спортшыларды аудандық мәдениет және өнер, тілдерді дамыту және спорт, денешынықтыру бөлімінің басшысы Дәулет Алашбаев арнайы құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Енді осы спортшыларымызды таныстырсақ.
Каримов Музаффарбек Ойбекович – кикбоксинг спорт түрінен ҚР чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубогінде 2- орынға ие болған, қазіргі таңда Әлем чемпионы. Мадикаримов Олимжан Адильжанұлы – кикбосинг спорт түрінен ҚР чемпионы, Азия чемпионы, қазіргі таңда Әлем чемпионатында ІІІ орынға ие болды.
Осы екі спортшының жаттықтырушысы. Джамалов Ифтихор – біліктілігі жоғары маман .
Сондай-ақ, Серікбаев Бақытжан Азаматұлы – кикбоксинг спорт түрінен ҚР чемпионы, Азия чемпионы, қазіргі таңда Әлем чемпионы атанды. Ирискулов Абдуқадыр Атабекович–кикбоксинг спорт түрінен ҚР чемпионы, Азия чемпионы, қазіргі таңда Әлем чемпионы болды. Жаттықтырушысы Құрмашев Нұрбек. Бұл екеуңн әлемдік додаларға дайындаған жаттықтырушы – Құрмашев Нұрбек Түркістан облысының аға жаттықтырушысы.
Осылайша мажар елінде мықтылықтарын дәлелдеген спортшыларымызға аудан басшысының лебізінен соң, естелікке сый-сыяпат та берілді.
Кикбоксинг — спорттың салыстырмалы түрде жас түрі, ол классикалық бокс пен шығыс жекпе-жек өнерлерінің элементтерін біріктіреді. Оның тарихы XX ғасырдың ортасында басталады.

Кикбоксингтің пайда болуы.

Кикбоксингтің бастауын 1950-1960 жылдардағы Жапония мен Америка Құрама Штаттарынан іздеуге болады. Жапонияда муай-тайға (тай боксы) қызығушылық танытқан жекпе-жек шебері Осаму Ногути тай боксшыларымен жекпе-жек өткізуді бастады. Бұл тәжірибе жапондық жекпе-жек өнерлерін муай-тай техникасымен біріктіруге әкелді, осылайша жаңа спорт түрі — кикбоксинг пайда болды. Ногути 1966 жылы кикбоксингтің алғашқы ұйымын құрды және жаңа спорт түрінің ережелерін бекітті.

Америкада кикбоксингтің дамуы тағы бір қызықты бағытта өрбіді. Мұнда ол каратэ, кунг-фу және боксты біріктіруден басталды. Бұл бағыттың көшбасшылары арасында Джо Льюис, Билл Уоллес, Чак Норрис және басқа да танымал жауынгерлер болды. 1970 жылдары Америкада Professional Karate Association (PKA) ұйымы құрылып, ол кәсіби кикбоксингті дамыта бастады.

Кикбоксингтің халықаралық деңгейде дамуы.

1970 жылдардың соңында кикбоксинг халықаралық деңгейде танымал бола бастады. 1974 жылы Жапонияда кикбоксинг бойынша алғашқы халықаралық турнир өтті, бұл спорттың одан әрі дамуына үлкен серпін берді.

1980 жылдары және 1990 жылдардың басында кикбоксинг бүкіл әлемге таралып, көптеген елдерде ұлттық федерациялар құрылды. Бұл уақытта әртүрлі ережелер мен салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өткізіле бастады.

Қазіргі заманғы кикбоксинг.

Бүгінде кикбоксинг әлемнің көптеген елдерінде танымал спорт түрі болып саналады. Ол әуесқой және кәсіби деңгейде өткізіледі, ал спортшылар әртүрлі стильдер мен техникада жарысады. Кикбоксинг Олимпиадалық спорт түрі болмағанымен, оның беделі өсіп, көптеген халықаралық турнирлер мен чемпионаттар өткізіліп тұрады.

Кикбоксингтің көптеген түрлері мен ережелері бар, соның ішінде фулл-контакт, лоу-кик, К-1 және басқа стильдер. Әр стильдің өзіне тән ерекшеліктері мен ережелері бар. Бұл спорт түрі дене шынықтыруды ғана емес, сонымен қатар спортшылардан жоғары деңгейдегі техникалық дайындықты, шеберлікті және тәртіпті талап етеді.
Нұрғиса ТӨРЕМҰРАТОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *